Page 7 - 10.4
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


            ЗЕРДЕ ДАМУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ
                   ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ ЗАТТАРЫМЕН ЖӘНЕ
               ҚҰБЫЛЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ БОЙЫНША
              ТҮЗЕТЕ ДАМЫТУ ӘРЕКЕТІНІҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Бірінші  сыныптағы  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім
           алушылардың  басым  көпшілігінің    қоршаған  болмысқа
           деген қызығушылығы үстіртін болады. Олардың түсініктері
           толық  болмай,  үзік-үзік  болуымен,  бұрмалануымен,
           ұқсатуымен  және  тез  ұмытып  қалуымен  сипатталады.
           Осыған байланысты жиі жағдайда зерде даму бұзылыстары
           бар балалардың немқұрайдылығы, тіпті олардың қоршаған
           әлемге деген ақылға қонымсыз қатысы байқалады.
             Балалардың  зерде  даму  бұзылыстарының  болуы
           олардың  қоршаған  болмыс  нысандарын  қабылдауын
           қиындатады  және  оның  сапалық  сипатын  өзгертеді.
           Балалар  қабылданатын  заттардың  нақты  белгілері  мен
           қаситтерін  (пішін,  шама  және  кеңістіктік  орналасуын)
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ерекшелеуде біршама қиындықтарға кездеседі, олардың
           маңызды  белгілері  мен  қасиеттерін  анықтай  алмайды,
           ал  бұл  олардың  санасында  оқылатын  заттың  біртұтас
           бейнесін  қалыптастыруды  қиындатады.  Әдеттегідей,
           осы санаттағы бақыланатын балалардың сыртқы әлемді
           сенсорлық қабылдауының кедейлігі мен шектеулігі олардың
           ойлау  және есте сақтау қабілетінің даму кемшіліктері мен
           проблемаларына байланысты болады.
             Бірінші сынып оқушыларының өздерінің бақылауларының
           арқасында  қабылдаған  түсініктері  мен  білімдерінің
           үстіртін екендігі анық байқалады. Баланың білімі осындай
           болған  жағдайда  оның  қандай  да  бір  тұжырымдама,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қорытынды  жасау  үшін  қажетті  нақты  түсініктерді  тірек
           ете  алмауы  байқалады.  Бұндай  балалар  бақыланатын
           нысандарды  бүтіндей  қабылдай  алмайды,  олар  тек
           кейбір белгілерді ғана ерекшелейді, сондай-ақ егер таныс

                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12