Page 11 - 10.4
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           қатысуы  үшін  қажетті  тәртіп  нормасын,  қарапайым
           гигиеналық,  коммуникативтік,  тұрмыстық  дағдылардан
           бастап,  күрделі  әлеуметтік  дағдыларға,  көзқарастарға,
           нанымдарға дейінгі өмірлік дағдыларды меңгерту бойынша
           арнайы жұмыс  қарастырылады.
             3.  Білім  алудың  құралы  ретіндегі  ойлау,  сөйлеу  тіл
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           және  қарым-қатынасты  дамыту  қағидасы.  Әдеттегі
           мектепте оқыту баланың мектепке келген кездегі меңгерген
           өмірлік  ұғынымдары  мен  дамыған  сөйлеу  тіл  жүйесін
           тірек  етеді.  Сөйлеу  тілінің  негізінде  қарым-қатынастың
           дамуы  жалғасады,  сөйлеу  тілінің  негізінде  оқушының
           тәртібі  айтарлықтай  реттеледі.  Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі
           бар  оқушылардың  сөйлеу  тілінің  дамуында,  ойлауында,
           қарым-қатынас орнатуында кемшіліктер болады, сондықтан
           оқыту  мен  әлеуметтендіруде  жетістікке  жету  үшін  даму
           кемшіліктері  педагогикалық құралдармен жойылуға немесе
           өтелуге тиісті.
             4.  Білім алуда еркше қажеттіліктері бар оқушыларды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оқыту  мен  тәрбиелеудегі  әрекеттік  тәсіл  қағидасы
           психологияда  бекітілген  «жетекші  әрекет»  түсінігін  тірек
           етеді. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды
           оқыту  үдерісінде  мұғалімнің  басшылығымен  уәжделген
           сөйлеу  тілдік  қатынас  (екі-екіден,  топпен  жұмыс)  үшін
           табиғи  жағдай  тудыратын  заттық-практикалық  әрекет
           кеңінен қолданылады. Заттық-практикалық әрекет жоғары
           психикалық атқарымдардың (қабылдау, сөйлеу тілі, ойлау
           және т.б.) сенсомотрикалық негізін дамытуға, балалардың
           өмірлік  тәжірибесінің  жеткіліксіздігін  өтеуге,  әлеуметтік
           өзара әрекеттену дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
             5.  Сараланған және жекешелеу тәсілдеме қағидасы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Ұжымдық  оқу  үдерісі  жағдайындағы  білім  алуда  ерекше
           қажеттіліктері  бар  оқушыларға  сараланған  тәсілдемені
           қолдану  бұзылыстары  бір  санаттағы  оқушылардың
           вариативтік  типологиялық  ерекшеліктерінің  болуымен


                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16