Page 28 - 14.4
P. 28
special-edu.kz.
special-edu.kz.
нұсқаманың ерекшелігіне дәйектілігі негізделген және
құрылымы түсіндірілген еңбек әрекеттері мен тәсілдерін көп
рет қайталап көрсету қажеттілігі жатады. Мұғалім балаларда
әрекеттің дұрыс бейнесі қалыптасуы үшін операцияны
алдымен жұмыс қарқынында орындап көрсетеді. Содан
кейін орындау қарқынын ақырындатып, өзінің әр әрекетін
special-edu.kz. special-edu.kz.
түсіндіре отырып көрсетеді. Нұсқама үдерісінде қандай да
бір жекешеленген тәсілді түсіндіре отырып орындайтын
оқушылар үшін жеке сынама жаттығуларды ұйымдастырады.
Еңбекке оқытудағы практикалық тәсілдер тобынан әртүрлі
жаттығулар мен зертханалық жұмыстар пайдаланылады.
Жаттығулар – бұл оқытылатын еңбектік тәсілдер мен
операцияларды саналы түрде және мақсатты бағытта көп
рет қайталау, осының нәтижесінде оқушылар біртіндеп
еңбек дағдыларын меңгереді. Жаттығулар оқушыларға
белгілі бір тапсырмалар түрінде беріледі. Жаттығулар
бекіту, пысықтау, сондай-ақ оқу-өндірістік және жұмыс
жаттығулары болып бөлінеді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бекіту жаттығулары таныс еңбек тәсілдерін барынша
берік меңгерту мен жеке операцияларды орындау қарқынын
жылдамдату үшін жүргізіледі.
Пысықтау жаттығулары бұйым бөліктерін өңдеу бойынша
тәсілдер мен операцияларды ғана емес, сондай-ақ бақылау-
өлшеу және белгілеу операцияларын да орындау үшін
жүргізіледі.
Оқу-өндірістік жаттығулар аяқталғанда, соңғы нәтижесі
тұрмысқа пайдалы бұйым түрінде шығатын өзара
байланысты еңбек операцияларының жиынтығын білдіреді.
Жұмыс жаттығуларының мазмұнында жаңа элементтер
болмайды, жұмыс үдерісі оқушыларға жақсы таныс болады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Зертханалық жұмыстар – бұл оқушылардың білімді
өздігінен меңгеру мақсатында орындайдын жаттығулардың
ерекше түрі. Зертханалық жұмысты ұйымдастыру қажетті
материалдар мен құралдардың болуын талап етеді.
26