Page 26 - 14.4
P. 26

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            -  суреттер  үлгіге  қарағанда  біршама  үлкейтіліп  және
          міндетті түрде көлемді бейнеленіп беріледі;
            - жоспардағы бөліктердің түсі оқушылар бұйым жасайтын
          материалдың түсіне сәйкес болуы керек;
            - әр сурет бір операцияға сәйкес келуі тиіс.
            Сөздік жоспар – бұл бұйымды жасаудың жазба түрдегі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          дәйектілігін түсіндіру. Мұндай жоспарлар оқушылар сөздерді
          толықтай оқу дағдысын жеткілікті деңгейде меңгерген кезде,
          екінші сыныптың соңында, үшінші сыныпта пайдаланылады.
          Сөздік жоспарға қойылатын талаптар:
            - әр бөлім әр оқушы орнында отырып оқи алатындай
          болуы үшін ірі әріптермен жазылады;
            - сөйлемдер қысқа және қажетті операциялардың атауы,
          тәсілдері, кейбір жағдайда құралдардың атуы жазылады;
            - сөйлемдер балаларға таныс сөздерден құралуы тиіс
          (егер жаңа сөздер қолданылса, онда сөздік жұмыс қажет
          болады).
            Қандай да бір бұйымды жоспарды пайдаланып жасаған
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          кезде есепке алуға қажеттілер:
            -  сабақ  міндеттері  (икемділіктер,  қимыл  дағдылары
          және оқушылар бағдарламаға сәйкес меңгеруге міндетті
          техникалық мәліметтер);
            -  сабақтар  жүйесіндегі  сабақтың  орнын  (оқытудың
          осы  кезеңінде  оқушылардың  бұйымды  жасау  жоспарын
          өздігінен қаншалықты құрай білетіндіктерін, олардың қандай
          қимылдық тәсілдерді меңгергенін) анықтау;
            - материалдың жаңалық деңгейі, бұйымның күрделілігі,
          оқушылардың ұсынылған құралды пайдалану қабілеті;
            -  оқушылардың  жоспар  карточкаларымен  жұмыс
          тәжірибесі;
            - бұйымдағы бөліктер саны (нысанның бөліктерінің саны
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          көп болған сайын жоспар да жан-жақты болады).
            Төменгі сыныптардағы қол еңбегі сабақтарында заттық-
          операциялық, графикалық және сөздік жоспарлардың екі
          нұсқасы пайдаланылады:


          24
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31