Page 23 - 14.4
P. 23
special-edu.kz.
special-edu.kz.
материалдан? Сендер жұмысты неден бастадыңдар? Содан
кейін қандай операцияны орындадыңдар?» және т.б.
7. Орындалған жұмыстың сапасын бағалау. Зерде
даму бұзылыстары бар балалар өз еңбек нәтижесін дұрыс
бағалай алмайды, сондықтан оларды орындалған жұмыс
сапасына деген дұрыс қатынасқа тәрбиелеу қажет. Мұғалім
special-edu.kz. special-edu.kz.
түсініктемені, бағалауды талап етпей, баладан оның
жұмысының ұнайтыны немесе ұнамайтыны туралы сұрайды.
Оқушылар өз бұйымдарын үлгімен салыстырады, мұғалім
оларға бұйымдарын әділдікпен қарауға көмектеседі.
8. Сабақты қорытындылау. Бұл – сабақтың қорытынды
бөлігі, мұғалім барлық сыныптың жұмысына тоқталып
өтеді, жұмыс орнындағы тәртіпке және сынып тазалығына
назар аударады, балалармен бірге ең жақсы бұйымдарды
таңдайды.
Сабақтың бұл ұсынылған құрылымы жалғыз мүмкіндік
емес екенін басып айту қажет. Сабақты түрлендіру олардың
міндеттеріне, оқыту кезеңіне тәуелді болады. Сабақтың
special-edu.kz. special-edu.kz.
жеке кезеңдері сабақтың дидактикалық мақсаттары
мен мазмұнына сәйкес ауыстырылуы мүмкін. Сұрақтар,
жаттығулар жүйесін, көрнекі құралдарды талдауды берілген
сабақ міндеттеріне бағындыру керек.
Қол еңбегі сабақтарындағы оқыту тәсілдерін
таңдау ерекшеліктері
Оқыту тәсілдерін таңдау:
- тақырыпқа;
- нақты сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне;
- оқушылардың жас ерекшеліктеріне;
- оқытылатын материалдың күрделілігі мен жаңалық
special-edu.kz. special-edu.kz.
деңгейіне;
- зерде даму проблемалары бар оқушылардың еңбек ету
мүмкіндіктері мен психофизикалық жеке ерекшеліктеріне
тәуелді болады.
21