Page 18 - 14.4
P. 18
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сабақты ұйымдастыру
Төменгі сыныптардағы қол еңбегі сабақтары оқушыларды
еңбекке баулудың негізгі түріне жатады. Еңбекке баулуға
үйретуді ұйымдастыру түрі ретіндегі сабақтардың
артықшылықтары: жалпы, топтық және жеке жұмыстарды
special-edu.kz. special-edu.kz.
үйлестіру үшін жағымды мүмкіндіктер тудырады; мұғалімге
материалды жүйелі және дәйектілікпен жеткізуге;
оқушылардың жалпыеңбектік дағдыларын, еңбектік қимыл
тәсілдерін қалыптастыру үдерісін бақылауға мүмкіндік
береді; әрекеттердің басқа да түрлерін ынталандырады.
Сонымен бірге, еңбекке баулу сабақтары тәрбиелеу
міндеттерін педагогикалық мазмұн мен тәсілдер арқылы
тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Арнайы мектептердегі қол еңбегі сабақтарына қойылатын
талаптар:
1. Сабақтардың мақсатты бағыттылығы.
Әр сабақ белгілі бір мақсатты жүзеге асыруға бағытталуға
special-edu.kz. special-edu.kz.
міндетті. Қол еңбегі сабақтарында оқыту және жалпы
мақсаттар қойылады. Оқу мақсаттарын қою деген нақты
бір сабақта шынайы жетістікке (мысалы, ермексазды илеу
тәсілдеріне үйрету) қол жеткізуді білдіреді. Жалпы мақсаттар
(тәрбиелеу және түзету) бірнеше сабақ барысында жүзеге
асырылады, сондай-ақ ол оқушылармен ұзақ жұмыс
(мысалы, заттық-операциялық картаны тірек ете отырып
жақын арадағы операцияны жоспарлау) жүргізуді талап
етеді. Оқыту мақсаттары еңбек сабағының тақырыбына
сәйкес өзгереді, ал жалпы мақсаттар ұзақ уақыт бойы
тұрақты болып қалады. Олар оқушылардың белгілі бір жалпы
еңбектік дағдыларды, қимылдық әрекеттер бағдарламасын
special-edu.kz. special-edu.kz.
меңгеруіне және белгілі бір жеке тұлғалық қасиеттерінің
қалыптасуына қарай өзгереді.
Сабақ мақсатында оқушылардың білім мен дағдыларды
меңгеру үдерісінің кезеңдері: бастапқы танысу, білім және
16