Page 17 - 14.4
P. 17

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             Бүкіл  сыныпқа  арналған  сұрақтардан  басқа,  кейбір
           қиналған  оқушыларға  олардың  зейінін  белсендіретін,
           баланың  назарын  бұйым  үлгісінің  белгілі  бір  бөлігіне,
           заттық-операциялық жоспар карточкасына, суретке және
           т.б. аудару үшін ым-ишарат ілесетін қосымша ынталандыру
           сұрақтары,  балама  сұрақтар,  жауабы  бар  сұрақтар
           карточкаларын ұсынады.  special-edu.kz.
 special-edu.kz.
           қойылады. Балаларда қиындық тудыратын жұмыс бөлігінде
           қосымша тапсырмаларды қолдануға болады. Олар балалар
           дұрыс  шешімді  таба  алатындай  белгілі  бір  практикалық
           әрекеттерді: үлгіні бөлшектеу және жинақтау, «кескіннің
           жаймасымен» жұмысты, заттық-операциялық жоспардың

             Балаларды қимылдық тәсілдерге үйреткен кезде, оны
           қиындықпен меңгеретін оқушылармен жұмыс нұсқаларын
           да  ойластыру  қажет  болады.  Бұл  жағдайда  нұсқауды
           қайталау;  сөздік  нұсқау  ілесетін  тәсілді  немесе  оның
           бөліктерін  көрсету;  қимылдық  бағдарламаны  орындаған
           кездегі оқушының қолын бақылау; оқушылар мен мұғалімнің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қолдарының  синхрондық  қимылы;  тәсіл  компоненттерін
           бөлшектеп үйретуге бағытталған дайындық жаттығулары
           қолданылады.
             Барлық  қосымша  тәсілдемелік  тәсілдерді,  оқытудың
           көрнекі  құралдары  және  практикалық  тапсырмаларды
           балаларға  көмек  түрінде  қарастыру  керек.  Көрсетілетін
           көмектің түрі мен көлемінің көрсеткіштері әртүрлі: қиындықтың
           сипаты мен деңгейі, олардың оқытудың бастапқы уақытымен
           салыстырғанда алға жылжуы, көмекке деген әсері, өткен
           тапсырмаларды  орындау  табыстылығы,  материалдың
           жаңалығы мен күрделілігі бойынша анықталады.
             Көмек түрі әртүрлі болуы мүмкін, оқушылардың қандай
           да  бір  тапсырманы  орындау  кезінде  мүмкін  болатын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қиындықтарын алдын ала болжай отырып, оқушылардың
           оқу  үдерісінде  алға  жылжуы  мен  олардың  дербестігін
           жоғарылатуды  қамтамасыз  ету  үшін  белсенді  көмекті
           жоспарлау қажет.


                                                                          15
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22