Page 12 - 14.4
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бірінші сабақта дәптерде бағдарлау, оны ұқыпты
пайдалану, иллюстрациялық материал мен тапсырмаларды
түсіну дағдыларын қалыптастыруға назар аудару керек.
Жұмыс дәптеріне қосымша материалда сабақты өткізу
үшін қажетті тапсырманың күрделілік деңгейі бойынша
сараланған арнайы дидактикалық материалдар әзірленген.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Тапсырманы орындау үшін қажетті қимаүлгілерді 2-3 топ
білім алушылары өздігінен қиып алады, ал 1-топ білім
алушылары үшін қимаүлгіні мұғалімнің өзі қиып алады.
Мұғалім «Изонить» техникасы бойынша (қатырмақағаз
бойынша кестелеу) жұмыс кезінде қосымшадағы сызбаны
пайдалана отырып тесіктерді өзі теседі.
Жұмыс дәптері білім алушының сабақтағы жеке өзіндік
жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жұмыс
дәптеріндегі жаттығулар білім алушыдан қарау, сәйкестілікті
анықтау, бұйымды орындау жұмысының бірізділігін ұстану
және т.б. белсенді әрекеттерді талап етеді. Білім алушыда
зейінді шоғырландыру, аналитикалық-синтетикалық
special-edu.kz. special-edu.kz.
әрекеттерді, салыстыру, сәйкестендіру, қарама-қарсылығын
анықтау, көру-қимыл үйлесімділігін, өзін-өзі бақылауды
қалыптастыру үшін жағдай тудырылады.
Білім алушының әрі қарайғы оқудағы еңбек әрекетін
мониторингілеу үшін оның сабақтарда орындаған
тапсырмаларын жеке папкада сақтап қою ұсынылады.
Білім алушының әрбір тақырып аясындағы орындаған
әрекет түрлерін мұқият бақылай және талдай отырып, білім
алушының жетістіктері туралы қорытындылай аласыз.
Тоқсандықтар мен оқу жылы аяғында білім алушының
орындаған тапсырмалары мен толтырылған жетістіктер
картасы оның портфолиосын құрайды. Бұл материалдар
special-edu.kz. special-edu.kz.
сізге әр білім алушыға сабақ барысында жеке көмек
көрсетуге, сондай-ақ оқу жылы соңында педагогикалық әділ
мінездеме құруға көмектеседі.
10