Page 7 - 14.4
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             Пайдаланылатын  әдістер,  тәсілдер,  оқыту  құралдары
           зерде даму бұзылыстары бар білім алушыларды еңбекке
           баулу сабағынан тыс жерде де еңбек әрекетінің әртүрлі
           түрлерімен шұғылдануға ынталандыруға, өзінің күнделікті
           тұрмысы  мен  демалысын  мәдениетті  ұйымдастыруға
           көмектесуге тиісті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Арнайы  мектептегі  төменгі  сынып  білім  алушыларын
           еңбекке баулудың оқу-тәрбиелеу және түзету міндеттері:
             •  еңбекке деген қызығушылықты, жағымды уәжді және
                 эмоциялық  жағымды  көңіл  күйді  дамыту  арқылы
                 еңбекке өмірлік ең басты қажеттілік ретінде қарауға
                 тәрбиелеу;
             •  балаға еңбектің барлық жерде (үйде, мектепте, көшеде
                 және т.б.) қажет екенін түсіндіруге тырысу;
             •  еңбек ету үдерісінің сұлулығын қабылдау икемділігін
                 қалыптастыру  және  заттық  әлемді  сұлулық  заңы
                 бойынша құруға деген ынтасын дамыту;
             •    білім  алушыда  жағымды  тұлғалық  қасиеттерді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                 (еңбексүйгіштік,  тәрбиелік;  табандылық,  өз
                 қиындықтарын жеңе білу, ұжымда жұмыс істей білу)
                 тәрбиелеу;
             •  қауіпсіздік  және  санитарлық-гигиеналық  талаптар
                 ережелерімен таныстыру;
             •  өзінің және басқа адамдардың еңбегіне құрметпен
                 қарауға тәрбиелеу;
             •  еңбек мәдениетіне (өз еңбегін ұйымдастыру мен оның
                 үдерісіне деген эстетикалық қатынас) тәрбиелеу;
             •  еңбек  және  жеке  кәсіптер  туралы  танымдық
                 мәліметтерді хабарлау;
             •  қол  еңбегінің  әртүрлі  түрлері  туралы  білімді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                 қалыптастыру;
             •  қол  еңбегі  сабақтарында  пайдаланылатын
                 бұйымдармен,  оның  құрылысымен,  көркемдік-
                 айшықтау қасиеттерімен таныстыру;


                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12