Page 11 - 14.4
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді. Бұл деңгейдегі тапсырмалар қол еңбегі тәсілдерін
меңгеруі төменгі деңгейде (немесе меңгермеген), мұғалімнің
көмегімен жұмыс істейтін оқушыларға арналған.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін білдіреді. Бұл деңгей тапсырманы орындауда
special-edu.kz. special-edu.kz.
қандай да бір дербестіктің болуын білдіреді, тапсырмалар
осы кезеңде қарастыратын еңбек әрекетіне қажетті
икемділіктері жеткілікті деңгейде қалыптасқан оқушыларға
арналған.
Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің
үшінші деңгейін білдіреді. Бұл деңгейдегі тапсырмалар
түсініктемеден кейін тапсырманы өздігінен орындауға
қабілетті, тапсырманы орындау үшін қажетті дағдылары
қалыптасқан оқушыларға арналған.
Білім алушыға арналған тапсырманың күрделілігін
оның әртүрлі әрекеттегі табыстылығын бақылау негізінде
таңдайды. Әрбір білім алушыға арналған тапсырмалардың
special-edu.kz. special-edu.kz.
күрделілігін біртіндеп, 1-деңгейден 3-деңгейге дейін
бірізділікпен арттырыңыз. Есіңізде болсын, күрделіліктің
барлық деңгейі білім алушылардың барлығына бірдей
қолжетімді болмауы мүмкін. Білім алушының өз мүмкіндігіне
сәйкес оқу материалымен, мысалы, күрделіліктің бірінші
деңгейінің материалдарымен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
Мұғалім материалдың көлемін өздігінен анықтап,
ұсынылған тапсырманы білім алушының мүмкіндігіне сәйкес
басқа тапсырмаға ауыстыра алады.
Бір сабақта алынған білімді, икемділік пен дағдыларды
бекіту мақсатында, келесі сабақтар өткен оқу материалдарын
бірнеше рет қайталауды есепке ала отырып жоспарланады.
Бейнелеу-иллюстрациялық материалдар зерде даму
special-edu.kz. special-edu.kz.
бұзылыстары бар балалардың қабылдау, аналитикалық
және синтетикалық әрекеттерін есепке ала отырып,
суреттер, графикалық заттық операциялық жоспар түрінде
берілген.
9