Page 10 - 14.4
P. 10

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          ауытқымай, көрсетілген позицияларды қайтадан қарастыра
          алады.
            Жұмыс  дәптеріндегі  оқу  материалдары  зерде  даму
          бұзылыстары  бар  білім  алушыларды  еңбекке  баулудың
          арнайы тәсілдемесіне сәйкес орналастырылған.
            Жұмыс  дәптеріндегі  оқу  материалының  мазмұны
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бағдарламада  қарастырылған  еңбек  түрлеріне  сәйкес
          құрылған:
            •  ермексазбен жұмыс;
            •  табиғи материалдармен жұмыс;
            •  қағаз және қатырмақағазбен жұмыс;
            •  жіппен және тоқыма материалмен жұмыс;
            •  құрастыру.
            Құрастыру  нысандары  оқытудың  міндеттері  мен
          балалардың шынайы мүмкіндіктерін есепке ала отырып
          топтастырылған.
            «Қол еңбегі» пәніне арналған жұмыс дәптері практикалық
          әрекеттердің компоненттері бойынша құрастырылған:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            - жұмыс орнын дайындау;
            - тапсырмада бағдарлау және өзінің әрекетін жоспарлау;
            - бұйымды жасау;
            - білім мен икемділікті меңгергенде бақылау және өзін-өзі
          бақылау.
            - оқу еңбек әрекеті қоршаған әлемді тану құралы ретінде
          қарастырылады.
            Сабақ тақырыптары берілген кезеңде оқытылатын ортақ
          тақырыптармен байланыстырылған. Практикалық жұмыста
          оқытудың  ерекшелігі  бастапқыда  құралсыз  қол  еңбегін
          пайдалану (жырту, жұмсарту, бүктеу, илеу), содан кейін
          кейбір  жұмыстарда  құралдарды  (қырнауыш,  тегістеуіш)
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          қолдану болып табылады.
            Тапсырмалар білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке
          ала  отырып  саралап  ұсынылады.  Тапсырмалардың
          күрделілік  деңгейлерінің  шартты  белгілері  бар.  Шартты
          белгілер ретінде түсі әртүрлі дөңгелектер пайдаланылған.

          8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15