Page 6 - 14.4
P. 6
special-edu.kz.
special-edu.kz.
келген зерде даму бұзылыстары бар баланың табыстылық
жағдайында болып, қол жеткізген жетістігі үшін қуаныш
сезімін сезінуге, қиындықты жеңгеніне байланысты
мақтаныш сезімін сезіне алатындай жағдай тудыру маңызды
болады.
Қол еңбегі сабақтарында білім алушылар күрделілігі
special-edu.kz. special-edu.kz.
қолжетімді және қолданыс түрі түсінікті бұйымдарды
жасайды. Оларды жасау үдерісінде зерде даму бұзылыстары
бар білім алушылар:
- жалпы еңбектік икемділіктер мен дағдыларды (ғимаратта
бағдарлау, жұмысты жоспарлау, тапсырманы орындау
туралы есеп беру, жұмыс сапасын бағалау);
- әртүрлі материалдар мен оларды өңдеу тәсілдері
туралы білімді;
- білім алушылардың зерделік және дене даму
кемшіліктерін түзету жұмысын жүзеге асыруды меңгереді;
- білім алушыларда еңбек әрекеттерінің сан алуан
түрлеріне деген сүйіспеншілік пен орындау әдетін тәрбиелеу
special-edu.kz. special-edu.kz.
жүзеге асырылады.
Осыған байланысты оқыту әдіс-тәсілдері, түрі,
құралдарына, сондай-ақ білім алушыларға сабақ барысында
орындау үшін ұсынылатын бұйымдардың түрлеріне
қойылатын талаптар:
Біріншіден, олар білім алушылардың жас шамасына
және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуына және олардың
психофизикалық кемшіліктерін түзетуге көмектесуі тиіс.
Екіншіден, олардың таңдалуы зерде даму бұзылыстары
бар білім алушылардың қажеттіліктерін есепке алуға,
оқу-еңбек ету әрекетінің жағымды уәжін қалыптастыруға,
дамытуға және жүзеге асыруға көмектесуге тиісті.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Үшіншіден, білім алушылардың сабақ барысында
жасайтын бұйымдары тек пайдалы болып қана қоймай,
сондай-ақ өздерінде де осындай заттың болуын қалайтындай
әдемі және оларды өздігінен жасай алатындай болуы керек.
4