Page 16 - 14.4
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Үшінші топқа еңбек әрекетінің үш жағын да меңгеруде
қиындықтарға кездесетін оқушылар жатады. Бұларға
логикалық ойлау қабілеті дамуының төменгі деңгейі,
кеңістіктік бағдарлаудың жеткіліксіздігі тән болады, ал бұл
оларға тапсырмада өздігінен бағдарлауға және өз жұмысын
жоспарлауға мүмкіндік бермейді. Тапсырмада бағдарлаудың
special-edu.kz. special-edu.kz.
кемшіліктері жұмыс барысын жоспарлауды күрделендіреді:
балалар көптеген операциялардың орнын ауыстырады
немесе тастап кетеді, болғанын қайталайды. Оқушылар
жалпы түсініктемені түсінбейді. Кейбір оқушылар бірнеше
рет көрсетуді және нақты түсініктемені қажет ететіндіктен,
олар жұмыстарын бастамай, мұғалімнің көмегін күтеді.
Бұрын алған білімі мен икемділіктерін қолдана
алмайтындықтан, олар әрбір келесі тапсырманы жаңа
тапсырма ретінде қабылдайды. Қимыл-қозғалыстарындағы
бұзылыстар еңбектік қимыл тәсілдерін қалыптастыруды
қиындатады. Жұмыс істеу қабілетінің кемшілігі әртүрлі
түрде байқалады. Біреуінің жұмыс қарқыны орташа, бірақ
special-edu.kz. special-edu.kz.
олар тапсырмаларға қызығушылық танытпайды. Басқа
біреулерінің жұмыс өнімділігі қимыл-қозғалыс аясының
бұзылыстарына байланысты төмен болады. Сабақ соңында
олар шаршайды және жұмыс қарқыны төмендейді. Бұл топ
оқушылары оқуда алға қарай өте баяу жылжиды.
Үшінші топ оқушыларына жұмыс дәптерінде қызыл
дөңгелекпен белгіленген тапсырмалар ұсынылады.
Қол еңбегі сабақтарында саралау тәсілін сақтау деген
қосымша тәсілдемелік әдістерді, көрнекілікті, практикалық
тапсырмаларды, әртүрлі құрылғыларды қолдануды
білдіреді. Мысалы, екінші топ оқушыларын оқытуда
оқушылардың ойлау әрекетін, әсіресе салыстыру және
special-edu.kz. special-edu.kz.
талдау операцияларын белсендіретін мәселелер үлкен
орын алады. Балаларды тапсырмада бағдарлауға, бұйымды
жасау барысын жоспарлауға және ағымды және қорытынды
өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруға үйрету керек.
14