Page 21 - 14.4
P. 21
special-edu.kz.
special-edu.kz.
партада дұрыс орналастырылғанын бақылайды. Мұғалім
оқушылар керек заттарды жұмыс кезінде оң қолымен алатын
болғандықтан, құралдарды оң жаққа, ал материалдар мен
құрылығаларды алуға ыңғайлы болатындай етіп сол жаққа
орналастыру қажеттілігін айтады. Жұмыс операциялары
орындалатын тақта баланың алдында тұрады, желім,
special-edu.kz. special-edu.kz.
қылқалам, қоқыс салынатын сауыт партаның жоғарғы
бөлігінің ортасына орналастырылады. Сабақ барысында
оқушыларға құралдар мен материалдарды өз орындарына
қою қажеттілігі туралы үнемі ескертіліп отырылады.
2. Кіріспе әңгіме. Кіріспе әңгіменің негізгі мақсаты –
оқушылардың зейінін шоғырландыру, оларды алдағы
жұмыспен қызықтыру, оларда бұйымды жасауға деген
жағымды әсер тудыру.
Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, алдағы жұмыс
мазмұны туралы айтады, балаларды жұмыс нысанымен
таныстырады. Сабақ тақырыбына сәйкес ойыншықтар,
суреттер, кітаптардың, журналдардың иллюстрациялары
special-edu.kz. special-edu.kz.
және басқа да көрнекі материалдар көрсетіледі, ертегіден,
өлеңдерден үзінділер оқылады, жұмбақтар шешіледі.
3. Тапсырмада бағдарлау. «Тапсырмада бағдарлау» деген
үлгіні, табиғи затты, ойыншықты, суретті талдауды білдіреді.
Осының нәтижесінде оқушының ойында дайындайтын
затының нақты бейнесі пайда болады.
Мұғалім қол еңбегінде түзету жұмысын жүргізу барысында
жұмысты үлгі бойынша орындай білуді дамытуға үлкен
көңіл бөледі. Үлгі қарсы алдында тұрғанымен, оқушы жеке
операцияларды және жұмысты онымен сәйкестендіре
алмайды да, дөрекі қателіктер мен дәлсіздіктерге жол
береді. Бала тапсырманы түсінуге және жұмыс нәтижесін
көз алдына келтіруге тиісті. «Тапсырмада бағдарлау» деген
special-edu.kz. special-edu.kz.
нысанды және оны жасауға қажетті талаптарды талдауды
білдіреді.
Үлгіні талдағанда келесі бірізділіктерді ұстанады:
1) нысанды және оның қолданысын анықтау;
19