Page 22 - 14.4
P. 22
special-edu.kz.
special-edu.kz.
2) нысанның негізгі бөліктерін атау және олардың санын
анықтау;
3) бөліктердің кеңістіктік орналасуын қарастыру;
4) мөлшерін, пішінін, түсін, материалын және бөліктерді
біріктіру тәсілдерін анықтау.
4. Жұмысты жоспарлау. Балаларды жоспарлауға
special-edu.kz. special-edu.kz.
үйретуді құрастырылған жұмыс жоспарын ұстану қажеттілігін
түсінуге көмектесетін дәйектілікпен жүргізу керек. Оқытудың
басында мұғалім әр операцияның орындалу әдісін сөздік
нұсқаумен кезектестіре отырып түсіндіретін тәсілді
пайдаланады. Мұғалім бірінші операцияны өзі көрсетеді
немесе оқушылардан жұмысты неден бастау керектігін
сұрайды. Балалардың көрсетілген кезең жұмысын
орындағанынан кейін жұмыстың келесі сатысын атау («Әрі
қарай не істейсіңдер?») ұсынылады.
5. Практикалық жұмыс. Сабақтың басым бөлігі
бұйымды орындауға арналады. Оқушы бір сабақ ішінде
бір бағдарламалық бұйымды жасауға үлгереді. Мұғалім
special-edu.kz. special-edu.kz.
тапсырманы орындау барысында балалардың сәйкес жұмыс
тәсілдерін дұрыс орындауын, үшкір және кесетін құралдарды
пайдаланғанда санитарлық-гигиеналық талаптарды және
қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалайды.
Мұғалім балалардың назарын үнемі үлгіге аударады,
өзінің бұйымын үлгімен салыстыруды ұсынады, жетелеу
сұрақтарын қояды, кеңестер мен ұсынымдар береді, бұйымды
дайындаудың дәйектілігінің сақталуын қадағалайды.
6. Жасалған жұмыс туралы есеп. Сөздік есеп балаларға
әрекеттердің ретін түсінуге және есте сақтауға көмектеседі,
ұқсас бұйымды жасаудың жұмыс жоспарын құруды
жеңілдетеді, балалардың сөйлеу тілін дамытуға көмектеседі.
Практикалық жұмыс туралы сөздік есеп беруді бірінші
special-edu.kz. special-edu.kz.
сыныптан бастап үйретеді. Оқытудың бастапқы кезеңінде
мұғалім балаларға олардың сабақта не істегендері және
қандай материалды пайдаланғандары туралы сұрақтар
қояды. Сұрақтар: «Сендер сабақта не істедіңдер? Қандай
20