Page 27 - 14.4
P. 27
special-edu.kz.
special-edu.kz.
1. Барлық операцияларды, сондай-ақ жаңа және күрделі
тәсілдерді орындау туралы мәліметтерді қамтитын толық
жоспар. Әдетте, жаңа операциялар және оларды орындауға
көмектесетін құралдар бірге көрсетіледі.
2. Қысқартылған жоспарда тек негізгі операциялар
ғана беріледі. Онда орындау тәсілдері, құралдар туралы
special-edu.kz. special-edu.kz.
мәліметтер болмайды.
Тәжірибе – бұл сырттай қарағанда байқау мүмкін
болмайтын қасиеттерді ерекшелеу мақсатында заттармен
белгілі бір әрекетті орындау. Еңбек сабақтарындағы тәжірибе
барысында балалар әртүрлі материалдардың (ермексаз,
саз, қағаз, жіп, сым, ағаш) кейбір қасиеттері туралы білетін
болады. Мысалы, оқушылар қағаздың қасиеттерін білу үшін
онымен бірқатар әрекеттерді орындайды. Олар жұқа және
қалың қағазды бүктейді, жыртады, умаждайды және т.б.
Әр әрекеттен кейін тәжірибе нәтижесі балалармен бірге
талқыланады.
Бақылау – бұл мақсатты бағытталаған, заттарды,
special-edu.kz. special-edu.kz.
құбылыстарды немесе үдерістерді біршама ұзақ уақыт бойы
қабылдау. Бұл балаларға оларда болып жатқан өзгерістерді
немесе олардың ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік береді.
Оқушылар еңбек сабақтарында еңбек тәсілдерін, экскурсия
кезінде қоршаған әлем құбылыстарын көрсеткен кездегі
мұғалімнің әрекеттерін бақылайды.
Мұғалім еңбек тәсілінің ұзақ бағдарламасын көрсеткен
кезде, оны алдымен қалыпты, содан кейін баяу қарқында
орындайды. Әрбір әрекетке түсініктеме ілеседі. Мұғалім
еңбек қимылын орындай отырып, олардың бағытының нақты
кеңістіктік сипаттамасын көрсетеді. Мысалы, тура тігіс оңнан
солға және т.б. орындалады.
Еңбекті оқытуда жиі жағдайда жеке тәсілді ғана емес,
special-edu.kz. special-edu.kz.
сондай-ақ түсініктеменің, әрекетті орындау тәсілін, кестелер
мен сызбаларды көрсетудің барлығының жиынтығын
білдіретін нұсқама қолданылады. Зерде даму бұзылыстары
бар балаларға арналған арнайы мектепке арналған
25