Page 24 - 14.4
P. 24

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            Сонымен белгілі бір тәсілді пайдаланғанда, оқушыларға
          кездескен қиындықтарының сипатына сәйкес жекшелен-
          дірілген көмек көрсету мүмкіндігі пайда болады. Осыған
          байланысты  оқыту  тәсілін,  түрін,  оқыту  құралдарын,
          сондай-ақ қол еңбегі сабақтарында балаларға орындау үшін
          ұсынылатын бұйымдардың түрлерін таңдауға қойылатын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          талаптар:
            -  олар  оқушылардың  жас  және  жеке  ерекшеліктеріне
          сәйкес болуға;
            -  олардың  психофизикалық  кемшіліктерін  түзетуге
          көмектесуге;
            -  оларды  таңдауда  зерде  даму  бұзылыстары  бар
          оқушылардың қажеттіліктерін есепке алуға;
            - оқу-еңбек әрекеттеріне жағымды уәжді қалыптастыруға,
          дамытуға және жүзеге асыруға көмектесуге;
            -  балалардың  сабақта  жасайтын  бұйымдары  әдемі
          болуға, практикалық қолданысы болуға, оларды өздігінен
          жасау ынтасын шақыруға;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            -  оқытудың  пайдаланылатын  тәсілдері,  әдістері,
          құралдары оқушыларда өзінің тұрмысы мен демалысын
          мәдениетті  түрде  ұйымдастыра  білуін  қалыптасыруға
          көмектесуге тиісті.
            Оқу көрнекі тәсілдерге көрсету әрекеті, тәжірибе мен
          бақылау жатады.
            Көрсету әрекеті – бұл мұғалімнің оқыту үдерісінде әртүрлі
          көрнекі құралдарын пайдалануы. Қол еңбегі сабақтарында
          еңбек нысандарының табиғи үлгілерін, олардың бейнелерін,
          заттық операцияларды, бұйымды жасаудың графикалық
          және сөздік жоспарын, нұсқаларды, құралдарды және оқу
          фильмдерін көрсетуге болады.
            Төменгі сыныптардағы қол еңбегі сабақтарында оқушылар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бұйымды  үлгі  бойынша  орындайды,  үлгіге  қойылатын
          талаптар:
            - үлгінің күрделілік деңгейі бағдарламаға сәйкес келуі
          керек;


          22
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29