Page 20 - 14.4
P. 20

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          тиіс.  Практикалық  сабақтардың  қарқыны  әр  сабақ  үшін
          жекеше болады, алайда ол оқушылардың еңбектік және
          зерделік икемділіктері мен дағдыларының қалыптасуына
          қарай біртіндеп арта түсуі керек.
            6. Оқытудағы жекешеленген тәсіл.
            Әр оқушыны оқыту үшін тиімді жағдай тудыру қажет. Бір
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          жағдайларда жекешеленген тәсіл еңбек тапсырмаларын
          жеңілдету немесе күрделендіру арқылы, ал басқа жағдайда
          оқытудың арнайы тәсілдемелік әдістерін қолдану арқылы
          жүзеге асырылады. Жекешеленген тәсілді жүзеге асыру
          деген  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  зерделеуді
          білдіреді.
            Экскурсия  арнайы  мектептің  төменгі  сыныптарында
          еңбекке  оқытуды  ұйымдастырудың  тағы  бір  түрі  болып
          табылады. Экскурсия – бұл қоршаған әлем заттары мен
          құбылыстарын бақылаумен байланысты сабақтың ерекше
          бір түрі. Қол еңбегі бойынша бағдарлама табиғатқа бірнеше
          экскурсияны  ұйымдастыруды  қарастырады.  Табиғатқа
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          экскурсия оқушылардың табиғат туралы білімін жинақтау,
          оқушыларды жаңа оқу материалын қабылдауға дайындау,
          сондай-ақ  бұйымды  жасау  үшін  табиғи  материалдарды
          жинау мақсатында ұйымдастырылады.
            Бастауыш сыныптарда құрамдастырылған түрдегі қол
          еңбегі сабағы ұйымдастырылады, мұнда бірден бірнеше
          дидактикалық  міндеттер  шешіледі:  кейбір  техникалық
          мәліметтер  хабарланады,  еңбектік  икемділіктер  мен
          дағдылар  қалыптастырылады,  бұрынғы  өткен  еңбек
          тәсілдері  бекітіледі,  тәрбилеу  және  түзету  міндеттері
          шешіледі. Мұғалім сабақта жүргізілетін жұмысты ойластыра
          отырып, оның әр кезеңінің қанша уақытты алатынын нақты
          білуге  міндетті.  Сонымен  бірге  сабақтың  басым  бөлігі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          оқушылардың прктикалық жұмысына бөлінуі тиіс.
            Сабақ құрылымының нұсқасын ұсынамыз:
            1. Ұйымдастыру сәті. Мұғалім бұл кезеңде оқушылардың
          дайындығын тексереді, сабақа қажетті заттар мен құралдардың


          18
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25