Page 5 - 17.3
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқу-әдістемелік кешен № 1, 2 жұмыс дәптерлері және
әдістемелік құрал) бастауыш білім беру деңгейіндегі
0-сыныптағы жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқытудың Типтік оқу
жоспары мен жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға
сәйкес құрылған.
«Бейнелеу өнері» оқу пәні жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
білім алушыларды дамыту, оларды оқыту мен эстетикалық
тәрбиелеу үшін өте маңызды. Бейнелеу өнері сабақтарын
дұрыс өткізген жағдайда олар зерде даму бұзылыстары
бар балалардың зерделік, эмоциялық және қимыл-қозғалыс
special-edu.kz. special-edu.kz.
аясына үлкен әсер етеді, жеке тұлға болып қалыптасуына,
оларда жағымды дағдылар мен машықтарды тәрбиелеуге
көмектеседі.
Бейнелеу әрекетін қалыптастыру білім алушылардың
композиция, сурет бойынша белгілі бір білімді практикалық
тұрғыда меңгеру, түстердің қасиеттерімен, құралдармен
және көркем материалдармен жұмыс тәсілдерімен танысу
үдерісінде мүмкін болады. Сондықтан танымдық әрекеті,
көру-қимыл үйлесімділігі және еркін қол қимылы дамымаған,
сондай-ақ эмоциялық ерік аясының дамуында ерекшеліктері
бар жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған
бейнелеу өнері сабақтарының түзету бағыты анық
special-edu.kz. special-edu.kz.
байқалады.
0-сыныптағы зерде даму бұзылыстары бар оқушыларды
бейнелеу өнеріне оқытудағы негізгі міндеттер:
1) бейнелеу мақсатында заттарды және шынайы болмыс
3