Page 9 - 17.3
P. 9
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІЛ АҚЫЛ-
ОЙ КЕМІСТІГІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ
БЕЙНЕЛЕУ ИКЕМДІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
special-edu.kz. special-edu.kz.
Дайындық кезеңі көпжоспарлы жұмысты білдіреді. Сурет
салуға дайындықтың бастапқы міндеті әрбір білім алушының
жеке өзіне тән ерекшеліктерін зерделеу болып табылады.
Оқытудың дайындық кезеңінде (0-сыныпта) жұмыстың
келесі бағыттары ерекшеленеді:
Ұйымдастырушылық икемділіктерді: дұрыс отыру,
құралдарды (қарындаш, қылқалам, бояу) дұрыс ұстау
және пайдалану, бейнеленетін жазықтықты үстелде дұрыс
орналастыра білуді қалыптастыру.
Қол қимылын дамыту: білім алушылардың бейнелеген
кездегі белсенді және енжар (баланың қолын мұғалімнің
қолымен қозғалту) қимылдардың көмегі арқылы қол
special-edu.kz. special-edu.kz.
қимылы туралы түсінігін қалыптастыру. Қарындашты және
қылқаламды дұрыс ұстауды қалыптастыру; қарындашты
меңгеру икемділігін қалыптастыру; басуды еркін реттеу
дағдысын қалыптастыру; қимылды қажетті нүктеде тоқтата
отырып, қимылдың еркін қарқынын (оны ақырындату және
жылдамдату), қимылдың бағытын реттеу.
Қатты материалмен (қарындашпен, фломастермен,
бормен) сурет салу тәсілдері:
• үлгі бойынша алдын ала салынған нүктелер бойынша
пішіні қарапайым заттардың суретін салу; нүкте
бойынша нобай бойымен (пунктирмен) жүргізу;
• түзу, көлденең, тік, көлбеу, ирек сызықтарды; доға
special-edu.kz. special-edu.kz.
тәрізді, шиыршық тәрізді сызықтарды; тұйық сызық
нобайын (дөңгелек, сопақша) салу;
• қарындашты, фломастерді қолымен бет жазықтығына
қатысты еңкіш ұстау;
7