Page 14 - 17.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
кемістігі бар білім алушылар сюжеттік және тақырыптық
сурет салу, тапсырманы өзінің қиялы бойынша орындау,
заттың барлық қасиеттерімен бірге бүтін бейнесін өздігінен
бере білу деңгейіне көше алады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың
бейнелеу әрекетін дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстың
special-edu.kz. special-edu.kz.
табыстылығы қолданылатын оқыту тәсілдеріне, сабақтағы
жұмыстардың дұрыс таңдалуына, әрбір білім алушының жеке
еркшеліктері мен мүмкіндіктер деңгейіне тәуелді болады.
Сабақтарда түзете тәрбиелеу сипатындағы міндеттерді
барынша тиімді шешу үшін, сондай-ақ балалардың қатты
шаршамауы, керісінше әрекеттенуді жалғастыруға дайын
болуы үшін сабаққа ойын сәттерін барынша көп ендіру қажет.
Бұл кезеңдегі сабақтарға жалпы қабылданған сызба
түрінде қарауға болмайды. Балаларда заттардың қасиеттерін
қабылдауды дамытуға және көру-қимыл үйлесімділігін
дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларды сабақтың
басында да сабақтың соңында да өткізуге болады. Әрбір
special-edu.kz. special-edu.kz.
сабақта жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушының
эмоциялық, сенсорлық, зерделік және дене тұрғысынан
дамуына көмектесетін бірнеше міндеттерді шешу
қарастырылатыны маңызды.
Балаларда өзіндік бейнелеу әрекеті туындауы үшін, олар
алдымен ересектердің қалай сурет салатынын көруі керек.
Мұндай мүмкіндікті тудыру – бастапқы кезеңде оқытудың
маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Ересектердің
балалар үшін сурет салуы, сурет салу үлгісі, ересектің
әрекетін бақылаудың барлығы жұмыстың бір түрінің
атаулары болып табылады. Мұғалім сурет салуды өзінің
әрекеттерін эмоциялық тұрғыда айтып отырып орындайды,
special-edu.kz. special-edu.kz.
ненің суретін салып жатқанын түсіндіреді, бейнелеуде
туындағын элементтерді, сондай-ақ жағдайындағы олардың
қажеттілігін атайды.
Ересек адамның бейнелеу әрекетін бақылау балалардың
12