Page 16 - 17.3
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Дайындық кезеңі барысында жүзеге асырылатындар:
• балаларды сурет салуға ынталандыру;
• білім алушылардың назарын дайын бейнелерге
(кітаптағы иллюстрацияларға, мұғалімдер немесе
ересек балалардың салған суреттеріне) аудару;
• қарапайым бейнелерді тануға үйрету;
special-edu.kz. special-edu.kz.
• мұғалімнің салған суреттерімен ойын ұйымдастыру;
• бейнелермен әрекеттерді (суреттер мен
аппликацияларды заттармен сәйкестендіру) жүзеге
асыру;
• практикалық әрекеттер барысында және арнайы
ойындар мен жаттығулар арқылы заттардың негізгі
қасиеттерімен таныстыру;
• қол мен көз қимылының үйлесімділігін (көру-қимыл
үйлесімділігі) дамыту.
Арнайы білім беру мектебіндегі бейнелеу өнері
сабағының жалпы ұйымдық құрылымы келесі түрде
special-edu.kz. special-edu.kz.
берілген:
I. Дайындық бөлімі.
1. Ұйымдастыру кезеңі (балаларды жалпы ұйымдастыру,
қажетті оқу құралдарын дайындау).
2. Кіріспе әңгіме (зейінді жұмылдыру, эмоциялық
қызығушылықты тудыру, білім алушылардың бейнелеу
әрекетіне деген уәжін арттыру).
II. Негізгі бөлім.
1. Бейнелеу нысанын (болмыс немесе үлгі) пішіні, көлемі,
құрылысы, түсі, кеңістіктегі қатысы бойынша талдау немесе
сурет сюжетін (тақырыптық сурет салуда) анықтау.
2. Суретті орындау бірізділігін (әрекетті жоспарлау)
special-edu.kz. special-edu.kz.
анықтау.
3. Жұмыстың басталуын көрсету (сурет композициясы
және оны орындау техникасы бойынша ұсынымдар, мүмкін
болатын қателердің алдын алу).
14