Page 15 - 17.3
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
назарын қоршаған орта оқиғаларына (бұны басқа тәсілмен
істеу өте қиын болады) аударуға, сондай-ақ бейнеленгенді
түсінуге көмектеседі. Сонымен бірге балалардың зейіні
бейнелеу үшін таңдау аумағының кең екендігіне аударылады.
Білім алушы мұғалімнің өздерін қоршағандардың барлығын
(адамдарды, ойынды, күнделікті жағдайларды) бейнелейтінін
special-edu.kz. special-edu.kz.
көреді. Осыған байланысты оларда заттық қана емес,
сонымен бірге сюжеттік сипаттағы алғашқы бейнелеу ниеті
туындайды. Мұғалімнің өтініші бойынша (бұны тұрақты түрде
істеп отыру керек) олар бейнелеуге арналған тақырыптарды
«ойластыра» бастайды.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыда заттардың
әртүрлі қасиеттерін қабылдау қабілетін қалыптастыруға
арналған ойындар мен жаттығулар жүйесінде бейнелеу
өнері, кейіннен жазу үшін қажетті талап болып табылатын
қол мен көз қимылын үйлестіруге арналған ойындар ерекше
орын алады.
Білім алушыларда практикалық икемділіктерді қалып-
special-edu.kz. special-edu.kz.
тастыру және осыған байланысты қол қимылын дамытумен
бірге қол мен көздің өзара әрекеттенуін үйлестіру,
білім алушыларда түсті қабылдауды дамыту жұмысын
жетілдіру, заттар мен сенсорлық эталондардың және т.б.
қасиеттерінің арасындағы байланыстарды орнатуға
көмектесу қажет. Білімді ойын түрінде хабарлау, ойында
мәселелік жағдайларды пайдалану білім алушыға ұсынылған
оқу материалын меңгеруге көмектеседі.
Түсті қабылдауға үйрету тәсілдерінің арасында салыстыру
тәсілін, бейнелеудің жеке кезеңдерін көрсету тәсілін немесе
бояумен және қылқаламмен әрекеттерді көрсету тәсілін,
мұғалім және білім алушының бірлесе әрекеттену тәсілдерін
special-edu.kz. special-edu.kz.
ең маңызды тәсілдер деп санау керек. Бейнелеу өнері
бойынша оқу материалын оқыту сурет салу үдерісінде,
аппликацияны орындау, сондай-ақ бейнелеу өнері бойынша
әңгіме барысында жүзеге асырылады.
13