Page 13 - 17.3
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
• пішінді, көлемді, түсті, материалды сипаттайтын
сөздер;
• заттың кеңістіктегі жағдайын білдіретін сөздер
(оң жағында, сол жағында, жоғарыда, төменде,
ортасында).
Балаларда өзінің бейнелеу тәжірибесін сөзбен бейнелеу,
special-edu.kz. special-edu.kz.
яғни олардың ненің суретін салғаны туралы айтуға, суреттің
мазмұнын ең болмаса бірнеше жай сөйлемдермен бере
білу қабілетін дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Сондай-ақ әр
баланы алдағы әрекетті, алдымен мұғалімнің көмегімен,
содан кейін өздігінен қарапайым жоспарлауға үйрету
маңызды болады. Сөздік жоспарлау балаларда өзіндік
бейнелеу ойын қалыптастыру үшін, бейнелеу міндеттерін
анықтау үшін маңызды болады, орындалған жұмыс
бағаланатын сабақтың қорытындылау бөлімін мақсатты
бағытта өткізуге көмектеседі.
Білім алушылардың заттарды қабылдау және
special-edu.kz. special-edu.kz.
бейнелеу икемділігін дамыту
Білім алушыларда заттарды қабылдау және шынайы
болмыспен ұқсастықты бере отырып бейнелеу икемділіктерін
дамыту, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың
танымдық әрекетінің даму ерекшеліктерін есепке ала
отырып, 0-сыныптан бастап жүзеге асырылады. Жұмыстың
бұл тарауында мұғалімнің алдында балаларды суреті
салынатын затты қызығушылықпен қарауға, заттың басты
белгілерін (пішінін, түсін, көлемін) ерекшелеуге; заттың
кеңістікте орналасуын; ерекшеленген бөліктерді бір-біріне
қатысты және бүтінге қатысты сәйкестендіруге, яғни заттың
special-edu.kz. special-edu.kz.
құрылымын (мысалы, мәшине) немесе оның құрылысын
(мысалы, ағаш) тануға үйрету міндеті қойылады.
Балалардың саналы әрекетін дамыту үшін тапсырманы
орындау кезіндегі дербестікті дамыту бойынша жүйелі
жұмыс жүргізіледі. Осындай жағдайда ғана жеңіл ақыл-ой
11