Page 8 - 17.3
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
білдіреді. Мұғалім ұсынылатын тапсырманың күрделілігін
оқушының әрекеттердің басқа түрлеріндегі мүмкіндіктерін
бақылау нәтижесінде таңдайды.
Мұғалім ұсынылған материал көлемін өздігінен
мөлшерлейді немесе ұсынылған тапсырманы білім
алушының мүмкіндігіне сәйкес басқа тапсырмамен
special-edu.kz. special-edu.kz.
ауыстыра алады. Дәптердің соңында мұғалім өз қалауынша
пайдалана алатын қосымша тапсырмалар бар. Дәптердің
қосымшасында кейбір тапсырмаларды орындау үшін қажетті
үлгілер берілген.
Дәптерде жеке қағаз беттерінде орындалатын
тапсырмалар, сондай-ақ ұжымдық жұмыстар қарастырылған.
Жұмыс дәптеріне қосымша әрбір білім алушының сурет
салуға арналған альбомының болуы ұсынылады.
Жұмыс дәптерінің жаттығулары білім алушыдан қарау,
сәйкестетікті табу, заттар жұбын белгілі бір белгі бойынша
табу, нобай бойымен жүргізу, нобай ішін штрихтау,
суретті аяқтау және т.б. белсенді әрекеттерді талап етеді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Білім алушының зейінін шоғырландыру, аналитикалық-
синтетикалық әрекетін салыстыру, сәйкестендіру, қарама-
қайшылығын табуы, көру-қимыл үйлесімділігін, өзін-өзі
бақылауды қалыптастыру үшін жағдай тудырылады.
Мұғалім білім алушылардың бейнелеу өнері бойынша
жұмыс дәптерін тоқсан соңында талдайды. Бұл мұғалімге
оқыту тәсілдерін жетілдіруге, білім алушыларға жеке-
дара көмек көрсетуге, білім алушылардың жетістіктерін
мониторингілеуге, оқу жылының соңында шынайы
педагогикалық мінездеме құруға көмектеседі.
special-edu.kz. special-edu.kz.
6