Page 7 - 17.3
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жұмыс дәптеріндегі оқу материалы жеңіл ақыл-ой кемістігі
бар білім алушыларды бейнелеу өнеріне оқытудың арнайы
әдістемесіне сәйкес орналастырылған.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Жұмыс дәптерінде ортақ тақырыптарды, табиғаттағы
мезгілдік өзгерістерді, мерекелерді есепке ала отырып
сабақтардың үлгілік тақырыптары (32) ұсынылған.
Сабақтардың, тапсырмалардың тақырыптамасы мен
бірізділігі, ортақ тақырыптардың бағыттары міндетті емес,
ұсыным түрінде берілген. Мұғалімнің ҚР МҒМ бекіткен
бағдарлама мен ортақ тақырыптарды өту бойынша белгілі
бір уақыттан ауытқымай, көрсетілген позицияны қайтадан
қарастыру құқығы бар.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар білім алушының даму
мүмкіндігін есепке ала отырып сараланып беріледі.
Күрделіліктің 1-деңгейіндегі тапсырмалар жасыл
special-edu.kz. special-edu.kz.
дөңгелекпен белгіленген, бұл деңгейде мұғалімнің көмегімен
жұмыс істейтін, сурет салу тәсілдерін меңгеруі (немесе
меңгермеген) ең төменгі деңгейдегі оқушыларға арналған
тапсырмалар қарастырылады.
Күрделіліктің 2-деңгейіндегі тапсырмалар сары
дөңгелекпен белгіленген, бұл деңгейдегі тапсырмалар
оқушылардың тапсырманы орындаудағы белгілі бір
дербестікті, осы кезеңдегі бейнелеу әрекеті қарастыратын
икемділіктердің қалыптасу деңгейін білдіреді.
Күрделіліктің 3-деңгейіндегі тапсырмалар қызыл
дөңгелекпен белгіленген, бұл деңгейдегі оқушылар
тапсырманы түсіндірілгеннен кейін өздігінен орындауға
special-edu.kz. special-edu.kz.
қабілетті, тапсырманы орындау үшін қажетті дағдылары
қалыптасқан.
Егер тапсырмада күрделілік деңгейі көрсетілмесе, онда
оны орындау барлық оқушылар үшін қолжетімді дегенді
5