Page 11 - 17.3
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             •  бейнелеу  өнерінің  техникалық  икемділіктері  мен
                 дағдыларын  қалыптастыруға  арналған  арнайы
                 графикалық жаттығулар;
             •  қолдың ұсақ қимылын дамытуға арналған жаттығулар.
             Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың
           дайындық  кезеңі  ерекше  тәсілмен  жүзеге  асырылады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Ол өзінің түріне қарай балабақшадағы сабақтарға жақын
           болады. Ең басты ерекшелігі – жұмыстың бірнеше түрін,
           көлемі бойынша шағын тапсырмаларды пайдалану және
           бір сабақ барысында жұмыс түрлерін жылдам ауыстыру.
           Бұған  зейінді,  көру  жадты  және  қабылдауды  немесе
           басқа да танымдық үдерістерді дамытуға арналған ойын
           сипатындағы жаттығулар; жұмыс орнын ұйымдастыру, сурет
           салу, аппликация құрастыру тәсілдері; балалардың сөйлеу
           тілін  дамытуға  арналған  жаттығулар  және  т.б.  жатады.
           Әрекеттердің сан алуан түрлері, олардың жылдам ауысуы,
           тапсырмалардың қолжетімділігі балалардың зейінін оңай
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           белсендіруге көмектеседі, жұмысқа деген қызығушылығын
           тудырады, ал бұл оқу материалын түсінуге және жақсы есте
           сақтауға көмектеседі.
             0-сыныбында сурет салу барысында балаларда көркем
           бейнелеу жұмысының қарапайым тәсілдерін қалыптастыру
           маңызды  болады.  Бұлар  заттарды  бақылау,  тексеру,
           қимаүлгімен және трафаретпен әрекеттер, тірек нүктелерді,
           штрихтарды пайдалана отырып мұғаліммен бірге сурет салу
           тәсілдері.
             Балаларда  практикалық  икемділіктер  мен  осыған
           байланысты  қол  қимылын  дамыту,  көз  мен  қолдың
           өзара әрекеттестігін жетілдіру, білім алушылардың түсті
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қабылдау  қабілетін  дамыту  жұмысын  жүргізумен  бірге,
           оларға  заттардың  қасиеттері  мен  сенсорлық  эталондар
           және  т.б.  арасындағы  байланыстарды  табуға  көмектесу
           қажет. Оқушыларға ұсынылған оқу материалын меңгеруге


                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16