Page 10 - 17.3
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
• сурет салған кезде қолдағы қарындашты, фломастерді
дұрыс ұстау техникасын меңгеру;
• тұрақты күшпен қол қимылын үзбей сурет салу және
қарындашқа түсетін күшті өзгерте отырып сурет салу;
• бейнелеуді аяқтау, пішіні қарапайым заттардың
суретін аяқтау (үлгі бойынша).
special-edu.kz. special-edu.kz.
Бояумен жұмыс тәсілдері:
• қылқаламды суға, бояуға малу;
• массаны өсіру.
Қимаүлгімен және трафаретпен жұмыс тәсілдері:
• жұмсақ қарындашпен нобай бойымен жүргізу: жоғарғы
бөлік, оң жақ (солақай үшін сол жақ), төменгі бөлік,
содан кейін сол жақ (солақай үшін оң жақ);
• нобай бойымен жүргізілетін нысанның (қимаүлгімен
жұмыста) қалпын сақтаған кезде сол қолдың
(солақайдың оң қолын) саусақтарының орнын
ауыстыру тәсіліне үйрету;
• геометриялық фигуралардың қимаүлгісі, қарапайым
special-edu.kz. special-edu.kz.
пішінді шынайы заттардың бойымен жүргізу.
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар
Сурет салуға дайындайтын дидактикалық ойындар мен
жаттығулар білім алушылардың дербестігін дамытуға
мүмкіндік береді.
Дайындық кезеңінде ұйымдастырылатын ойындар
мен жаттығуларды дидактикалық міндеттеріне сәйкес
төмендегідей топтарға бөлуге болады:
• заттарды көлемі бойынша тануға, ажыратуға және
атауға арналған ойындар мен жаттығулар;
• заттарды пішіні бойынша тануға, ажыратуға және
special-edu.kz. special-edu.kz.
атауға арналған ойындар мен жаттығулар;
• түстерді тануға, ажыратуға және атауға арналған
ойындар мен жаттығулар;
• кеңістіктік белгілер мен қатынастар туралы түсініктерді
қалыптастыруға арналған ойындар мен жаттығулар;
8