Page 12 - 17.3
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          көмектесу  үшін  білімді  ойын  барысындағы  мәселелік
          жағдайларда ойын түрінде хабарлау тиімді болады.
            Түсті қабылдауға үйрету тәсілдерінің ішінде салыстыру
          тәсілдері,  бейнелеудің  жеке  кезеңдерін  көрсету  немесе
          бояумен және қылқаламмен әрекеттену тәсілдері, мұғалім
          және оқушылардың бірлесе әрекеттену тәсілдері маңызды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          болып табылады.

                   Өнер туындыларын қабылдауға үйрету

            Өнер  туындыларын  қабылдауға  үйрету  0-сыныпта
          суретті, иллюстрацияны, халық өнер бұйымдарын қарай
          білуді  қалыптастырудан  басталады.  0-сыныпта  1-2
          нысанды қарастыру ұсынылады. Балалар алдымен суретті,
          иллюстрацияны  талдаған  кезде  бейнеленген  заттарды,
          олардың белгілерін, бейленеген әрекеттерді атауға үйренуге
          міндетті. Сабақта көрсету үшін таңдалған материалдар білім
          алушылар үшін мазмұны бойынша қолжетімді және олардың
          қызығушылықтарына жауап беруге міндетті. Бағдарламада
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          әңгімелесу  үшін  ұсынылған  өнер  туындыларын  білім
          алушылар үшін қолжетімді басқа туындылармен ауыстыруға
          болады.
            Бейнелеу өнері сабақтарында білім алушылардың сөйлеу
          тілін дамыту жұмыстары міндетті түрде жүргізіледі. Сөйлеу
          тілдік материалмен жұмыс сөздік қорды байыту бағытында
          жүргізіледі:
            •  танысу  және  енжар  сөздікке  ендіру  деңгейіндегі
                терминдер;
            •  материалдар мен бейнелеу өнеріне арналған құрал-
                жабдықтардың атауын білдіретін сөздер;
            •  сабақтарда суреті салынатын заттардың атауы;
            •  бейнелеу  өнерімен  байланысты  практикалық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                әрекеттерді  білдіретін  сөздер  (сурет  саламын,
                бояймын);
            •  заттардың белгілерін білдіретін сөздер (биік–аласа,
                үлкен–кіші, кең–тар);

          10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17