Page 15 - 2.1.3
P. 15

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           тілде екі түрлі айтылады. Оқушыларға осы құбылысты мы-
           салдар арқылы жете түсіндіру қажет болады. Мұғалім сабақ-
           та  дыбыстардың  жасалуына  ғана  мән  берсе,  сөйлеуді
           үйрету жайына қалады. Сондықтан мұғалім дыбыстардың
           ерекшеліктерін  сөз  ішінде,  буын  құрамында,  сөйлем
           арасында меңгерте отырып, тіл үйретудің жиынтық әдісін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           пайдаланғаны дұрыс болады.
             Дыбыстарды сыныпта әртүрлі формада айтқызу нәтижелі
           болады. Олар:
             1. Хормен айтқызу.
             2. Жұппен айтқызу.
             3. Жеке айтқызу.
             Оқушыларға хормен айтқызу жеке оқушының дыбысты
           қате айтамын деп қорқуынан, ұялуынан сақтайды. Барлық
           оқушылар бірге айтқан кезде дыбыс жақсы, анық естіледі.
             Жұппен айтқан кезде оқушылар бір-бірінің қатесін түзейді,
           дұрыс айту дағдысын меңгереді. Олар бір-біріне қажетті
           көмекті қысылмай береді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Хормен, жұппен дыбысты бірнеше рет қайталап үйренген
           соң,  оқушылардың  дыбысты  жеке  меңгеруін  тексеруге
           қолайлы болады.
             Зерде бұзылыстары бар оқушылардың зейіні шашыраңқы,
           қабылдау қабілеті төмен болатындықтан, қазақ тілінің төл
           дыбыстары туралы түсініктемені бастапқыда орыс тілінде
           ұсынуға  да  болады.  Алдымен  орыс  тілінде  түсіндіріп,
           содан  кейін  қазақ  тілінде  қайталатуға  болады.  Себебі,
           осы  санаттағы  балалар  өздеріне  түсініксіз  сөздер-
           ге немқұрайдылық танытады, оларда қызығушылық тудыр-
           майды. Осыған байланысты қазақ тілінің 9 (10) төл дыбыс-
           тарының  айтылу  ерекшеліктеріне  тоқталып  кетейік.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Егер  оқушыларға  қазақ  тілінде  түсіндіру  қиын  болса,
           онда бастапқыда орыс тілінде, содан кейін қазақ тілінде
           түсіндіруге болады. Мысалы, 1. Произнесите звук «ы» и
           скажите что делается с губами. Когда говорим «ы» губы чуть


                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20