Page 12 - 2.1.3
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
сурет бойынша сұрақтарға жауап беру, суретке қарап
сұрақтар құрастыру, суретке ат қою, суретті әңгімелеу, сурет-
тегі сөздерді жатқа жазу.
Мұндай жұмыстарды орындағанда, оқушылардың есте
сақтау қабілеті арта түседі, тілі жаттығады.
Түсіндіру тәсілі мұғалімнің сөзі, баяндау арқылы орын-
special-edu.kz. special-edu.kz.
далады. Мұғалім дайын материалды баяндап қана қоймай,
оны оқушы санасына жеткізуге, оқушының оны жақсы
түсінуіне көңіл бөледі. Түсіндіру тәсілі әдіс ретінде жаттығу
және көрсету тәсілдерін толықтырып отырады. Қазақ тілін
басқа ұлт өкілдеріне оқытуда есту және көру тәсілдері де жиі
қолданылады. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту үшін диалог,
жағдаяттық оқиғалар әр сабақта қолданылуы керек. Орынды
пайдаланған оқыта-үйрету мен топтық, жұптық жұмыстар
қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеуіне зор мүмкіндік
туғызады.
Оқу орыс тілінде жүретін арнайы мектептегі зерде
даму бұзылыстары бар балаларға арналған «Қазақ тілі»
special-edu.kz. special-edu.kz.
пәні – тақырыптар негізінде балаларды оқу мен жазуға
үйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазы-
лым дағдыларын қалыптастыруға арналған пән. Тілдік
төрт дағды (тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым)
оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Қазақ тілінің
жаңа оқыту әдістері арқылы біз өз ойын, сезімін қазақша
білдіре білетін, танып-білген нәрселерін қазақша санасына
түйе, пікір алыса білетін, оқыған, көрген не білген нәрселері
туралы достарымен, ересектермен өз ойын бөлісетін, ойын
жеткізіп айта білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ
тәрбиелейміз. Оқушылар тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-
special-edu.kz. special-edu.kz.
қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге,
өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ
тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана
отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.
10