Page 11 - 2.1.3
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
біліктіліктерді меңгеріп, оларды дағдыға айналдыру үшін
қызмет етеді. Оқушыны сөйлеуге жаттықтыру жұмысы
тілдік материалдан тұратын жаттығулар арқылы жүргізіледі.
Жаттығулардың түрі де, мақсаттары да әртүрлі болады.
Оларды грамматикалық, лексикалық және фонетикалық
жаттығуларға бөлуге болады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
special-edu.kz. special-edu.kz.
балаларға қазақ тілінің грамматикалық, лексикалық және
фонетикалық анықтамаларды жатқа үйретіп айтқызбай,
оның практикалық жағына көп мән беру керек. Әсіресе
грамматика барлық тілдік қарым-қатынастың негізі болып
табылады. Яғни, грамматика тұрғысында бір-бірімен дұрыс
байланыспаған сөздер нақты ойды түсінікті етіп жеткізе
алмайды. Сол себепті жаттығу жұмыстары белсенді,
жүйелі түрде және белгілі мақсатпен орындалуы керек.
Тіл дамытуға арналған жаттығуларды құрастырған кезде
келесі жүйені пайдаланған жөн: тыңдау-қайталау-сөйлеу.
Практика нәтижелі болу үшін оқушыға не істеу керек екенін,
қалай орындау керек екенін және материалды қалай
special-edu.kz. special-edu.kz.
пайдалану керек екенін көрсету керек. Сондықтан осыдан
туындайтын тағы бір тәсіл – ол көрсету тәсілі. Бұл тәсіл
коммуникативті бөлшектердің, сөздердің, грамматикалық
формалардың мағыналарын анықтайды. Оқушының тілі
жаттығуы үшін мұғалім тілдік үлгілерді көбірек беруі керек.
Мысалы, ілік септік формасын өткенде, оны тәуелдік жал-
ғаумен байланысып тұрған грамматикалық формада беріп
жаттықтырған дұрыс. Мысалы: ағаш-тың жапырағ-ы, гүл-
дің иіс-і, оқушы-ның дәптер-і. Сонымен қатар белгілі бір
мағыналы форманы беріп, оған бір грамматикалық тұрғы-
дағы сөздерді қатыстыру. Мысалы: Оқушының дәптері
таза. Оқушының дәптері жаңа. Оқушының дәптері кір.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Жаттығу жұмыстарының ішіндегі ең тиімді де, оқушы
үшін қызықтысы да – суретпен жұмыс. Суретпен түрлі
жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады. Мысалы, әңгіме
құрастыру, берілген тірек сөздермен сөйлем құрастыру,
9