Page 14 - 2.1.3
P. 14

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          тіліне тән дыбыстарды өткеннен кейін оқушылардың оқу
          қабілеттерін сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс оқуға
          бағыттау керек. Шағын мәтіндерді де біртіндеп оқуға баулып,
          оқу техникасын жолға қою – мұғалімнің ең үлкен міндеті.
          Оқу арқылы оқушыны ойлана білуге, оқығанын түсіне білуге,
          мазмұнын өз сөзімен қысқаша айта білуге үйрету. Мәтінді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          оқытуға қойылатын талаптардың ең бастысы – түсініп оқу.
          Түсініп оқу мен мәнерлеп оқу бір-бірімен тығыз байланысты,
          бірін-бірі толықтырап отыратын жұмыстар.
            Тіл үйренуге қатысты жазылым дағдыларын қазақ тіліне
          тән  дыбыстарды  қайталаумен  жалғастырған  тиімді  әрі
          ыңғайлы болады. «Көп нүктенің орнына керекті әріпті, сөзді
          қойып жаз, сұраққа жауап жаз, сызба бойынша сөз тіркестерін
          құрап  жаз»  сияқты  жаттығулар  бірін-бірі  жалғастырып
          отырады. Осы сияқты жұмыстардың бірі – көшіріп жазу. Бұл
          жұмыстың басты мақсаты – оқушыларды орыс тіліндегідей
          қазақ тілінде де тақтадан, оқулықтан дұрыс көшіріп жаза
          білуін тексеру. Жиі қолданылатын жазба жұмысының бір
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          түрі – сөздік диктант. Бұл – оқушылардың сөздік қорын,
          сауаттылығын тексеру мақсатында жүргізіледі. Әр жазба
          жұмысынан кейін міндетті түрде қатемен жұмыс жүргізіледі.
            Зерде бұзылыстары бар оқушыларға қазақ тілінің төл
          дыбыстарын  меңгерту  үлкен  мәселе.  Алайда  оқушы
          қазақ тілінің 9 (10) төл дыбыстарын жете меңгермейінше,
          ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды. Оқыту
          орыс  тілінде  жүретін  арнайы  мектеп  оқушысында  қазақ
          тілінің  төл  дыбыстарын  айту  дағдысы  болмайды.  Сол
          себепті  оны  меңгерту  басты  мәселе  болып  табылады.
          Оқушыны  дыбыстық  жүйемен  ғана  таныстырып  қоймай,
          ол дыбыстардың сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дұрыс
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          айтылуына  жаттықтыру  қажет.  Оқушы  қазақ  тіліндегі
          дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, ол өз ойын
          нәтижелі жеткізе алады. Мысалы, орыс және қазақ тілінде
          жазылуы  бірдей  «ы»  дыбысын  алайық.  Осы  дыбыс  екі


          12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19