Page 10 - 2.1.3
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ
2-СЫНЫБЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР
БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын
special-edu.kz. special-edu.kz.
меңгеру – үлкен істің бастамасы. Оқыту технологиясы –
оқу ақпаратын дайындау, өңдеу әдіс-тәсілдерінің жиын-
тығы, мұғалімнің оқушыға оқыту үдерісінде қажетті техноло-
гиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана оты-
рып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту
әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.
Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін
үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз
Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-
қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас
жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет. Ал осы ком-
муникацияны жүзеге асыру үшін қатысымдық тұлғаларды
игерген жөн. «Қатысымдық тұлғалар – тіл арқылы қарым-
special-edu.kz. special-edu.kz.
қатынасты қамтамасыз ететін, белгілі бір орта мен араласу
жағдайында жүзеге асатын, тиянақты ойды хабарлау және
қабылдау қасиеті бар, ерекше деңгейге көтерілген тілдік
тұлғалардың қатысынан тұратын, қарым-қатынастық мәні
бар бірліктер». Қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру
үшін, ең алдымен, бұл пәннің ерекшеліктерін анықтап алу
керек. Қазақ тілін зерде бұзылыстары бар оқушыларға
оқыту үдерісінде бөлінбейтін екі мақсат бар: жеңіл ақыл-ой
кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерін есепке ала
отырып, тілдік біліктілікті дамыту және тілдік материалды
меңгерту. Бұлардың екеуі де практиканы, жаттығуды талап
етеді. Сондықтан қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыру
special-edu.kz. special-edu.kz.
үшін қолданылатын негізгі әдістердің бірі – практикалық
немесе машықтық тәсілдер болып келеді, соның ішінде
негізгісі – жаттығу тәсілі. Жаттығулар тілдік біліктілікті да-
мыту үшін, тілдік материалды меңгеру үшін, бастапқы
8