Page 7 - 2.1.3
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқыту орыс тілінде жүретін
мектеп оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша Типтік
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес. Қазақ тілін оқыту
оқу-әдістемелік кешені оқушылардың қазақ тілінде түсінуге,
сөйлеуге, танымдық үдерістерін дамытуға жағдай тудырады.
Оқулық пен жұмыс дәптерінің басты міндеті – зерде даму
бұзылыстары бар балалардың меңгеретін материалды
оң әсермен қабылдауға ықыласын арттыру. Сол себепті
балалардың оқуына арналған барлық оқу құралдары әдемі
безендірілуге, суреттің бояулары қанық болуға тиісті. Сабақтың
әр тақырыбының әдемі бояулармен айшықталуы орынды,
өйткені ол дидактикалық немесе әдістемелік рөл атқарады,
сонымен бірге оқушының зейінін аударып, қызығушылығын
тудырады. Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсыр-
малар мен мәтіндерді бастапқыда мұғалімнің өзі оқиды және
special-edu.kz. special-edu.kz.
оны түсіндіреді, тапсырмалардың толық және деңгейленіп
беруі ата-аналарға балаларды оқытуға көмектесуге мүмкіндік
береді. Қазақ тілін меңгертуге деген қызығушылықты тудыру
үшін дамуында ерекшеліктері бар балалардың қабылдау,
зейін қою, есте сақтау, ойлау секілді танымдық қабілеттерін
қатар дамыту өте маңызды болады.
Оқулықтағы және жұмыс дәптеріндегі суреттердің көпші-
лігі ортақ тақырыптың, сабақ тақырыбының қандай да бір
тапсырмасына бағыныңқы, олар баланың қабылдауына
жеңіл әрі көрнекі түрде берілген, зейінді дамытуға, балада
талдау жасау қабілетінің оянуына, қиялы мен елесін оятуға
ықпал етуге көмектеседі. Оқулық пен жұмыс дәптерінде
мәтіндер, өлеңдер, диалогтер және әртүрлі жаттығулар
special-edu.kz. special-edu.kz.
берілген. Бұлардың барлығын бала меңгермеуі де мүмкін,
алайда материалдардың жеткілікті көлемде болуы мұғалімге
сабақты шығармашылықпен өткізуіне көмектеседі. Кейбір
материалдар, суреттер мұғалімге тақырыптық-көріністік
5