Page 8 - 2.1.3
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
немесе рөлдік ойындар ұйымдастыруға бағдар береді.
Оқыту үдерісіне ойын элементтерін енгізу зерде даму
бұзылыстары бар балалар үшін сабақтарды қызықты,
тартымды етуге көмектеседі.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
деңгейі бойынша бірдей емес. Тапсырманың күрделілік
special-edu.kz. special-edu.kz.
деңгейінің шартты белгілері бар. Түрлі түсті дөңгелектер шарт-
ты белгі ретінде пайдаланылған.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді. Бұл тапсырмаларда оқушыдан мұғалімнің сөзін
тыңдау, оның атаған зат пен нысанның суретін немесе
сюжеттік суретті тану, көрсету және атау талап етіледі.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін, яғни оқушының оқулықтың материалдарының
өзара қатынасын түсінуін және мұғалімнің айтқанын қайталай
отырып, үйретілген айтылымдарды өз сөйлеу тілінде
пайдалана білуін, оқуын білдіреді. Қойылған сұрақтардың
мағынасын түсініп, бір-екі сөзбен жауап бере алады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің
үшінші деңгейін, яғни мәтінді оқу және иллюстрацияларда
бейнеленген нысандарды атау, олардың арасындағы себеп-
салдарлық байланысты түсіну, заттар мен нысандардың
қасиеттерін талдау, салыстыру және тұжырымдау әрекет-
терін орындағанда белгілі бір дербестікті білдіреді. Кітаптағы
иллюстрациялар бойынша өз сөзімен әңгімелеп беруге
талпынады. Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күрделілігін
баланың әртүрлі әрекеттердегі жетістіктерін бақылау негізін-
де таңдайды. Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күр-
делілігін 1-деңгейден 3-деңгейге дейін біртіндеп, дәйек-
тілікпен арттырады. Алайда мұғалім күрделіліктің барлық
special-edu.kz. special-edu.kz.
деңгейінің әр оқушы үшін қолжетімді болмауы мүмкін еке-
нін есте сақтауға міндетті. Оқушы өзінің мүмкіндігіне сәйкес
оқу материалымен, мысалы, күрделілігі 1-деңгейдегі мате-
риалмен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
6