Page 9 - 2.1.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             Оқулықта 2-сынып оқушылары меңгеруге тиісті лекси-
           калық-грамматикалық  минимум  берілген.  Лексикалық-
           грамматикалық минимум қазақ тілін оқыту мазмұны мен
           технологиясын жаңартуға және тілді меңгеру сапасын арт-
           тыруға ықпал етеді. Әрбір ортақ тақырып бойынша сара-
           ланған  лексикалық-грамматикалық  минимум  оқытудың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға, оқытудың түпкі нәти-
           желері мен оны анықтаудың дискрипторларын жүйелеуге,
           нәтижеге  бағытталған  жаңа  мазмұндағы  білім  беруді
           бағдарлауға,  пәнаралық  байланысты  ортақ  мақсаттарға
           ықпалдастыруға мүмкіндік береді.
             Сондай-ақ  оқулықта  диалогтік  сөйлеуге  арналған
           тапсырмалар бар. Бастапқыда мұғалім баламен диалогке
           түссе,  кейіннен  балалардың  өзара  сөйлесуіне  жағдай
           тудыруға болады. Балаларды сөйлеуге қызықтырып, ойын
           түрінде өткізген тиімді болады. Бала жиі сөйлегенде ғана оның
           тілі жаттығып, сөйлеуге машықтана бастайды. Балаларды
           сөйлеуге ынталандыратындай ойын жағдайларын ұйымдас-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           тыру тиімді болады. Диалогтік сөйлеу кезінде ойыншықтарды,
           суреттерді пайдалануға болады.
             Жұмыс дәптері оқулықтың және оқушылардың әрбір са-
           бақта орындайтын заттық-практикалық әрекеттерінің маз-
           мұнын толықтырады. Жұмыс дәптері оқушының сабақтағы
           жеке  өздік  жұмысын  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.
           Жұмыс  дәптерінде  оқушының  қарапайым  элементтерді
           жазу,  графикалық-моторлық,  кеңістікте  бағдарлау  және
           көріп қабылдау дағдыларын қалыптастыруды іске асыруға
           болатын арнайы жаттығулар (әртүрлі сызықтарды, нобай-
           ларды бастырып сызу, сызу, бояу) және қазақ тілінің төл әріп-
           терін  жазуға,  көшіріп  жазуға,  сөздерді  сәйкестендіруге,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сөйлемдерді толықтырып жазуға және т.б. арналған жат-
           тығулар берілген. Алғашқыда жаттығулар үлгі, сөздік нұс-
           қаулар арқылы орындалса, кейіннен тапсырманы оқу арқы-
           лы орындалады.


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14