Page 13 - 2.1.3
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             Тыңдалым  әрекетінің  ең  басты  міндеті  –  оқушылар
           арасындағы  қарым-қатынасты  жүзеге  асыратын  тілдік
           тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу. Тіл
           үйренуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін белгілейтін
           ең басты көрсеткіш – тыңдалымға арналған мәтін. Мәтіннің
           мазмұнын толық түсіну оның құрамында таныс емес тір-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           кестердің болмауын талап етеді. Болған жағдайда таныс
           емес сөздер 2%-дан аспауға тиісті. Оқушы мұндағы әр жеке
           ақпаратты қажетіне сай пайдаланып, сөйлесім әрекетінде
           қолданады, жаттайды, жазып алады. Сондықтан берілген
           тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталған жөн.
           Мәтінге  қатысты  орындалатын  жұмыстар  нақты,  анық
           берілуге міндетті. Сол сияқты тыңдалым нәтижелі болуы
           үшін акустикалық ережелерді дұрыс меңгерту қажет. Олар:
           а) сөйлемнің фонетикалық нормасының сақталуы; ә) сөз
           бен дауыстың ырғағы; б) екпін мен дауыс ырғағын дұрыс
           қою; в) сөйлем мен сөйлем арасындағы үзіліс. Оқушының
           қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  сөздерді,  сөз  тіркестерін,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сөйлемдерді, мәтінді дұрыс қабылдай білуі мұғалімнің оқыту
           шеберлігіне байланысты болады.
             Айтылым – тілдік қатынас барысында адамның өз ойын
           жарыққа шығару үдерісі. Ол ауызша сөйлеу нәтижесінде іске
           асады. Айтылым әрекетінің іске асуына екеуара сөйлесу
           көп мүмкіндіктер тудырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта
           топ пен топтың арасында, жұп пен жұптың арасында сұрақ
           жауап алмасуды, сөйлесуді немесе пікір алмасуды үлкен
           шеберлікпен  ұйымдастыруға  тиісті.  Мысалы,  оқулықта
           «Үлгі бойынша сөйлесейік» айдарымен берілген диалогтер.
           Айтылым әрекетінің нәтижелі болуы – мұғалімнің үлгі бола
           алуына, көрнекіліктерді молынан пайдаланып, оқушылардың
           қызығушылығын арттырып, әр балаға жеке тұлға ретінде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қарап, жұмысты шығармашылықпен ұйымдастыра білуіне
           байланысты болады.
             Оқылым  әрекетінің  ең  басты  міндеті  –  сөзді,  сөз  тір-
           кестерін, сөйлемді, мәтінді дұрыс оқи білуге үйрету. Қазақ


                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18