Page 5 - 2.3.3
P. 5

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

                                       КІРІСПЕ

             Оқу-әдістемелік құралы жаңартылған оқу бағдарламасы-
           ның мазмұнына, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға, осы
           санаттағы оқушылардың танымдық белсенділігінің ерек-
           шеліктері мен мүмкіншіліктерін ескере отырып әзірленген.
           Оның құрамына оқулық, жұмыс дәптері және әдістемелік
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           құрал кіреді.
             Оқу-әдістемелік құралы кез келген жағдайда оқушыларды
           оқыту ұйымдарында қолданылуы тиіс: арнайы мектепте,
           жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныпта, инклюзивті
           білім беру шартындағы жалпы сыныпта.
             Білім беру мен түзету мәселелерін шешуде оқыту құрал-
           дарымен қатар оқулық пен жұмыс дәптері де маңызды орын
           алады. Бұл жағдайда мұғалім оқулық пен жұмыс дәптерін
           қолданудағы шектеулікті, оқушылардың таным қабілетінің
           жеткіліксіздігін,  ұсақ  маториканың  жетіспеуін,  моторлы
           координацияның визуализациясын түсінуі керек.
             Зерде  даму  бұзылыстары  бар  мектеп  оқушыларында
           мәтіннің мазмұнын түсінуге қажетті абстракция мен жал-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           пылау қабілетінің төмендеуі байқалады. Ойлау қызметінің
           төмен  деңгейі,  жалпы  сөйлеу  тілі  дамуының  ерекшелігі
           практикалық әрекеттен ақыл-ойына көшуді қиындатады.
           Сондықтан  оқу  үдерісінде  2-сыныптан  бастап  әртүрлі
           айқын құралдарды пайдалану қажет. Бұл жағдайда мұғалім
           оқушылардың сақталған қабілетіне сүйене отырып заттарды
           (ойыншықтар, муляждар: көкөністер, жемістер, жидектер)
           көрсету мен дидактикалық (заттық, сюжеттік, сериялық су-
           реттер материалдарды кеңінен қолданады.
             Жұмыс дәптері үйренген білімді бекіту мақсатында са-
           бақтың  соңғы  сатысында  немесе  үйге  берген  тапсырма
           ретінде қолданады.
             Әдістемелік нұсқаулықта мұғалімдерге оқу және тіл дамыту
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           пәніне арналған  күнтізбелік  оқу жоспары, пән бойынша жоба,
           оқу және тіл дамытуға арналған оқу тақырыптары мен ба-
           қылау  тапсырмаларының  технологиялық  карталарының
           атласы берілген.


                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10