Page 10 - 2.3.3
P. 10

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          оқудан буындап оқуға, содан кейін толық сөздермен оқуға
          көшеді.  Сол  кезеңде  олар  кішірек  мәтіндер  оқиды  және
          мұғалімнің де мәтіннің дұрыс оқылуына аса мән беруіне
          мүмкіндігі бар. Оқуға жаттықтыру сөздерін мәтін ішінен алу
          керек. Мысалы, төменгі деңгейдегі оқушылардың «Алтын
          күз» өлеңінде кездесетін құс-тар, күз-де, ұ-шып, кет-ті деген
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          сөздерді  буындап  оқып  жаттығуынан  басталады.  Осы
          жаттығулар оқушының дұрыс оқып кетуіне ықпал етеді.
            2. Шапшаң оқуды дамыту көру қабілетінің шектелуімен
          қиындайды.  Оқушылар  дәл  сол  кезде  көздеп  тұрған
          әріпті  (сол  буынды)  ғана  көреді.  Оқушылар  ұзақ  уақыт
          ойша  толықтыруды  қолданбайды,  өйткені  ол  зиятының
          жетіспеушілігіне тікелей байланысты.
            Жылдам оқып үйрену үшін оқушыға мынадай тапсырмалар
          беріледі: «Мәтінді оқы. Не туралы оқығаныңды көзіңе елес-
          тет. Мәтіндегі қиын сөздерді бірнеше рет қайталап оқып ал.
          Қиын сөзді тұтас оқитындай етіп жаттап ал. Жаттаған сөзді
          іштей қайтала. Енді мәтіндегі осы қиын сөзді тұтас оқы».
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            3. Түсініп оқу. Жалпы зерде дамуының бұзылыстары және
          сөйлеу тілінің жеткіліксіз дамуы түсініп оқудың бұзылуына
          әкеледі.  Оқушылар  құбылыстарды  байланыстыратын
          себептерді,  олардың  бірізділігін  қиындықпен  орнатады;
          ересектердің  көмегінсіз  кейіпкерлер  әрекеттерінің  ынта-
          лануын, шығарманың негізгі ойын түсінбейді. Бұл кемшіліктер
          шығармада сипатталған нақты деректермен болған жағдай-
          дың ішкі мағынасы сәйкес келмеген кезде ерекше байқа-
          лады. Сондықтан мәтін оқылмастан бұрын мұғалім алдын
          ала әңгіме жүргізіп және сол мәтінде кездесетін қиын немесе
          жаңа сөздерге түсініктеме береді.
            Мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Мәтіннің мазмұнын қарастыруға көп көңіл бөлінеді, тү-
          сініктер ашылып, нақтыланады, жеке сөздердің мағыналары
          анықталады.  Кейіпкерлердің  мінезі  мен  сөйлеуіне  көңіл
          бөлінеді. Мазмұнын қарастырып, білмейтін сөздерді түсін-


          8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15