Page 15 - 2.3.3
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
лардың жекебасының ерекшелігіне, өз бетімен жұмыс
істей білу дәрежесіне тікелей қатысты. Мұнда ғылымға
негізделген арнаулы дидактикалық, саналылық үдерісіне
сай оқу құралдарын жазуда кейбір ерекшеліктерді ескерген
жөн. Сондай-ақ арнайы мектептерде оқитын балалардың
даму ерекшелігін ескеріп қоймай, оқытудың коррекциялық
special-edu.kz. special-edu.kz.
(түзету) бағытын, мәтіннің күрделілігін, оның мазмұнының
балалардың сөздік қорларына сәйкес келуін ескеріп, кей-
бір ескерген мәселелерді түбірімен қайта қарап, кеңей-
тіп жазу керек. Ол үшін мәтінді бермес бұрын бір жүйеге
келтіріп, балалармен қосылып дауыстап оқу, айту сияқты
жұмыстарды жүргізу керек. Мәтін кейде бір жүйеге келтіріл-
ген өмірдегі тәжірибеге сүйенсе, екінші жағдайда, қоғамдық,
табиғи құбылыстарға, кино, диафильм т.б. жүйелі түрде
бақылау системасына сүйенеді. Егер оқу сабағы мұндай қо-
сымша дайындықсыз өтетін болса, онда ол – тіл дамытудың
коррекциялық (түзету) құралы ретіндегі міндетін атқара
алмайды. Материалды саналы түрде меңгеру тек оқушылар
special-edu.kz. special-edu.kz.
ынтамен жұмыс істегенде ғана жүзеге асады. Ол үшін
әдебиеттік оқу сабағында балалардың ынтасын үнемі
қолдап, көтермелеп отыру қажет. Сабақ өткізгенде көрнекі
құралдарды, көп қолданылатын ойын түрлерін, тағы басқа
тапсырмалар мен жаттығуларды кеңінен пайдаланған жөн.
Ол өзінің игі нәтижесін береді. Тіл сабақтарындағы көрнекі
құрал оқушының сөйлем құрауына, дұрыс сөйлеуіне ерек-
ше ықпал етеді. Дәстүрлі көрнекі құралдардан басқа тіл
сабағында мимика (бет-әлпет құбылысы), дауыс ырғағы,
мәнерлеп оқу сияқты тәсілдердің де маңызы зор. Соңғы
тәсілдер оқушының сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағына
және сөз саптауына көп көмегін тигізеді. Сабақта тәрбие
special-edu.kz. special-edu.kz.
жұмысы Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілік, еңбекке
ынталылықты, шыншылдық пен интернационалдық сезімге
тәрбиелейтін материалдарды кірістіру арқылы жүзеге
асады. Достық қарым-қатынас, сезім тәрбиесін беруде
13