Page 16 - 2.3.3
P. 16
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ә. Табылдиев, Б.Жақып, М. Хакімжанова, Г. Әзімбаева,
М. Төрежанов сияқты көптеген жазушылардың шығармаларын
пайдаланудың үлкен мәні бар. Тілінің даму дәрежесі онша
жетілмеген, шапшаң оқи алмайтын, рантеллектуалды
балалар үшін оқу құралдарына әдістемелік нұсқаулар
жазғанда, әр оқушының өзіне жеке көңіл бөліп, өзіндік әрі
special-edu.kz. special-edu.kz.
дифференциалдық жұмыс істеу принциптері ескеріледі.
Соған байланысты әртүрлі сұрақтар беру және жекелеген
оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың
сабаққа белсенді әрі бар ынта-жігерімен қатысуын қамта-
масыз ету керек. Психологиялық-ұстаздық негізге сүйене
отырып әртүрлі мәтіндердің талдауын анықтайтын төмендегі
әдістемелік шарттарды ұсынуға болады:
а) шығарма мазмұнын талдау және оқу әдістерінің қа-
лыптасуы мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған біріккен
үдеріске қосыла отырып оқу тәсілін дамытатын тапсырмалар
б е р у ;
ә) шығарманың сюжеттік жағын, сурет композициясын
special-edu.kz. special-edu.kz.
ажырата білу арнайы мектеп оқушыларының толық азамат
болып қалыптасуына және олардың сөйлеу мәдениетінің
дамуына көмектеседі;
б) балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйену сол шығарманы
түсініп, оны қабылдаудың және түсінудің ең керекті шарты
болып табылады;
в) шығарманы талдаудағы негізгі фактор – бұл оның
оқушыларға эмоциялық әсер етуі. Мәтінді талқылау ой-
сезімді оятып, өз пікірін білдіруге деген ынтаны тудыруы
керек және өзінің өмірлік тәжірибесін автор көрсеткен
факторлармен салыстыруы тиіс. Шығарманы талдау кезінде
логикалық талқылау – эмоционалды-бейнелі талқылаумен
special-edu.kz. special-edu.kz.
байланыста болуы шарт;
г) оқу сабақтарындағы сөздік жұмыс. Көркем әдебиет
шығармаларын талдағанда, арнайы мектептерге арнап
орысша және қазақша шығарылған оқулықтардан біз
14