Page 21 - 2.3.3
P. 21
special-edu.kz.
special-edu.kz.
сөздермен де жұмыс жүргізу қажет. Шығарманың көркем
бейнелері мен оқиғаларын және оның идеясын түсінуге
қажетті жеке сөздер мен сөйлемшелер көзге түсерліктей
белгімен бөліп көрсетіледі.
Зат пен оқиға қандай сөздермен суреттелгенін және
олардың атқаратын қызметін анықтап түсіну қажет. Соны-
special-edu.kz. special-edu.kz.
мен қатар автор таңдауындағы сөздердің рөлін сара-
лап, жекелеген стильдік оралымдар грамматикалық көр-
сеткіштердің қызметін (метафоралар, салыстырмалар,
эпитеттер, жұрнақтар т.б.) анықтап көрсету. Сонымен оқу-
шылардың сөздік қорын толықтырып отыру – ана тілін оқыту
сабағының ажырамас бөлігі болып саналады.
Шығарманың мазмұнын ашуға, дәлдікті, тілдің айқын-
дылығы мен мәнерлілігін түсінуге әрі оқушылардың белгілі
бір аядағы сөздерді және олардың мән-мағынасын меңгеріп,
түсініп алуына жағдай туғызады.
4. Оқу сабақтарындағы көрнекілік
special-edu.kz. special-edu.kz.
Көрнекілік – бұл балаларды оқуға және ана тіліне үй-
ретудің маңызды принципі. Ол арнайы мектептердегі оқу
сабағының әртүрлі формалары мен түрлерінің негізін
қалайды. Оқу сабақтарында көрнекілік принциптерін толы-
ғымен жүзеге асыру мүмкіншілігі шектеулі балалардың
танымдық қабілеттерін арттырып, олардың сөйлеу және
ойлау қабілеттерін жетілдіреді. Оқушылардың ақыл-ойы-
ның жан-жақты болуына ықпал жасап, олардың оқу дағды-
сын қалыптастырады. Оқу сабақтарында көрнекілік прин-
циптерін жүйелі түрде жүргізу балаға оқу және өмірлік тәжі-
рибеден әртүрлі информацияларды үнемі беріп тұруға
мүмкіндік жасайды.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Арнайы мектептердің мұғалімдерінің әдістемелік құра-
лында әртүрлі көрнекі амалдардың көпшілігі бар. Мұнда
арнайы дайындалған көрнекі оқу құралдары және көптеген
пәндік кітаптар, нақты қызметтегі үдерістер мен құбылыстар
19