Page 22 - 2.3.3
P. 22

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          жеткілікті. Осы арқылы балалар өмірде не болып жатқанын
          түсінеді. Сонымен қатар экскурсияға барған кездерінде де
          талай нәрсеге көздерін жеткізеді. Сондай-ақ сызбалар, гра-
          фиктер, карталар, таблицалар да кеңінен пайдаланылады.
            Көрнекі  құралдарды  тиісті  жерінде  дұрыс  әрі  ұқыпты
          пайдалану мол қайтарым және жақсы нәтиже береді. Мұнда
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          әсіресе көрнекі құрал мен мәтіндік материалдар арасында
          тығыз байланысты орнатуға көңіл бөлу керек.
            Оқу сабақтары үшін нақты көрнекі құралдарды іріктеп алу,
          ең алдымен, оқу әдісі мен тәсіліне сәйкес келетін әдістемелік
          заңмен реттеледі. Сонымен қатар көрнекі құралдарды таң-
          дап алу мәтінмен жұмыс істеудің жекелеген кезеңдері мен
          түрлерін  анықтайтын  нақты  методикалық  мақсатқа  бай-
          ланысты. Көрнекі құралдарды іріктеу кезінде нақты көрне-
          кіліктердің сипаттық қасиеті мен мүмкіндіктерін де естен
          шығармау керек. Сонымен қатар көрнекі құралдарды іріктеу
          барысында оның психологиялық аспектілеріне терең мән
          беру керек. «Көрнекі материалдарды іріктеп алу барысында, –
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          дейді профессор А. Н. Леоньтев, – мына төмендегі екі бірдей
          психологиялық аспектілерге назар аударған жөн:
            1. Көрнекі құралдар нақтылы қандай рөл атқарады?
            2. Осы көрнекі құралдың белгілі бір затқа қандай қатысы
          бар? Оны оқушының түсінуі мен қабылдауы қандай дәреже-
          де болмақ?»
            Ең  бір  негізгі  сәт  –  сабақ  оқыту  барысында  жаңадан
          өтетін сабақтың белгілі бір өзіндік ерекшелігі болуы тиіс.
          Мұндай жағдайда қағазға басылған мәтіннің маңызы ерекше.
          Мәтінмен жұмыс істеу – сабақ өткізудің басты ерекшелігі.
          Мұның өзі көрнекі құралға бағындырылып тұруы міндетті.
            Оқу және ғылыми-көпшілік мәтіндерді іріктеу барысында
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          көрнекі құралдар әртүрлі қызметтер атқарады. Осы ретте
          біз мәтіндерді оқу барысындағы бірнеше ерекшелікке тоқ-
          талмақпыз.
            Біріншіден алғанда, көрнекілік белгілі бір мәтіннің маз-


          20
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27