Page 25 - 2.3.3
P. 25

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           ерекшелігі мен сол сабақтың алдына қойылған оқу-тәрбиелік
           мақсатына сәйкес болуы керек.
             Өмірлік нақты жағдайды көзге елестетіндей тұтас карти-
           наларды жасау тәсілі өмірмен тығыз байланысты болуы
           керек. Мұның өзі мәтіннің балаларға әсер етуін арттырып,
           оқушылардың тілдік қызметін көтеру үшін жақсы жағдай
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           туғызады.
             Көрнекіліктің нысанын оқып қарау мәтінді талдап оқы-
           ғанға дейін жүргізіледі. Бұл мақаламен тікелей жұмыс іс-
           теу болып табылады. Көрнекілікті өнімділікпен қолдану көр-
           некілік нысанымен танысу барысында жақсы нәтижелер
           береді, оқу мен талдау кезінде оқушылар берілген бөлімнің
           мазмұнын түсінбесе, онда нысанның жеке бір жағына әлсін-
           әлсін орала береді.
             Әдеби мәтіндерді және іскерлік мақалаларды сабақтарда
           оқу  барысында  көрнекілікті  қолдану  айрықша  көзге  тү-
           седі.  Алайда,  бұл  жерде  оны  қолдануда  өзіндік  қиын-
           дықтар  да  кездеспей  қоймайды.  Ең  басты  қиындықтар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           әдеби мәтіндердегі бейнелік ерекшеліктермен тығыз бай-
           ланысты туындайды. Әдеби бейнелер өзінің нақтылығымен
           бірінші сигналды жүйемен байланысты, сонымен бірге әдеби
           шығармаларда әдебиет бейнелері тіл құралдарының көме-
           гімен,  яғни  екінші  сигнал  қызметімен  жасалады.  Көркем
           шығармада сөздің рөлі ерекше. Өйткені, ол екінші сигналдық
           жүйеге бағына отырып, бейнелік ойлауды жасауға қатысады.
           Бұл үдеріс мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін өте күрделі.
           Оны балаларға түсінікті етіп жеткізу үшін жасалған бейнеге
           өзіндік сезімдік тірек ретінде нақты затпен құбылысты не-
           месе ол туралы басқа да жанды нәрселерді іске тарту керек.
             Көркем шығармаларда оқу кезінде қандай нақты көрнекі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           құралдар пайдалы болуы мүмкін? Іскерлік мақалаларды
           талдау барысындағы жұмыстарға қатысты көрнекі құралдар-
           дың көпшілігі осындай кезде пайдаланылады. Егер біз мұнда
           жанды құралдарға көбірек сүйенсек, ал көркем мәтіндерде


                                                                          23
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30