Page 26 - 2.3.3
P. 26
special-edu.kz.
special-edu.kz.
бірінші орынға бейнелеуші көрнекі құралдар қойылады. Бұл
көркем шығарманың өзіне тән қасиеті болып табылады.
Ал, шын мәнінде, кез келген адамның әдеби бейнесі
жарқын әрі бейнелі, бірақ нақты өмірдегі адамға қарағанда
шыншылдығы жағынан әлсіз.
special-edu.kz. special-edu.kz.
5. Оқу және тіл дамыту пәнінің кезеңдері
Алдын ала жүргізілетін әңгіменің мақсаты – оқушыларды
көркем шығарманы қабылдауға дайындау. Оқудың алдын-
да оқушылармен бастапқы жұмыс істелінеді. Онда оқуды
қызықтыруға жағдай жасалады, оларды тексті сапалы сезі-
ніп, дұрыс бағыт алуға дайындайды. Оқуға дайындау әртүр-
лі жолмен жүргізіледі, ал шығармаға байланысты кейде
балалар оқиғаны өздерінің өмірден алған мәтінінің маз-
мұнына жақындатып айтады.
Бұдан мұғалім оқушының білім деңгейін біледі. Кей
кезде мұғалім өзі балаларға шығарманың мазмұнын түсін-
діретін мәліметтерді айтады. Кейде алдын ала әңгімеде
special-edu.kz. special-edu.kz.
балалардың серуеннен алған әсерлері пайдаланылады.
Кейбір жағдайда оқудың алдында, ыңғайлы суреттер,
диафильмдер мен кинофильмдерден үзінділер көрсетіп,
күйтабаққа жазылғанды тыңдатқан пайдалы. Алдын ала
дайындыққа сөздік жұмысының бөлімі де кіреді. Бұл жұмыс-
тың кезеңінде тек білмейтін жаңа сөздердің мағынасы түсін-
дірілуге алынған барлық сөздер енуі керек. Өйткені өзінше
мәтіннен алынған сөздер ұғымды болмайды. Алдын ала
сабақтағы жұмысқа 3-7-минут бөлу керек.
Оқушының мәтінді оқу кезеңінің негізгі мақсаты – оқыған-
ды игеріп, оған талдау жасау. Мұғалім алдын ала мәтінді
мәніне қарай бөлімдерге бөледі. Оқушылар әр бөлімді оқыған
соң, оның мазмұнын, негізгі ойын, түсініксіз сөздер мен
special-edu.kz. special-edu.kz.
сөйлемдердің мағынасын анықтайды. Оқушылардың тиісті
сұрақтарынан кейін оларды шығармадағы кейіпкерлер ара-
қатынастарын түсінуге әкеледі. Жазушы мен оқушылардың
кейіпкерлерге деген көзқарасын анықтайды, бұл кезеңде
24