Page 24 - 2.3.3
P. 24

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          лімнің сөзі өзінің білімділігіне, көрнекілік нысаны мен ма-
          қаланың  мазмұнын  аша  түсудегі  іскерлігіне  тығыз  бай-
          ланысты.  Мұғалім  сөзі  сабақ  барысында  мәтіндік  және
          көрнекілік материалдан ауытқымауы тиіс. Міне, сонда ғана
          сөздің  құдіреті  арта  түсуімен  қатар,  оқушылардың  білім
          деңгейін де көтереді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Оқушының тәжірибелік қызметі жағдайында оның аузынан
          шыққан әрбір сөз нақтылы көрнекілік міндетін атқарады.
          Бұл, әсіресе оқушыға белгілі бір мәселеде түсінік беруде
          айқынырақ  аңғарылады.  Бұл,  сайып  келгенде,  мәтінді
          мұғалімнің  өзінің  терең  түсінуіне  және  өзінің  санасынан
          өткізіп, қабылдай білуіне да қатысты. Осы ретте мұғалімнен
          белгілі бір дайындықты және сөйлеу мәдениетін жетілдіруді
          талап етеді, оның әрбір сөзі бейнелі болып келген жағдайда
          ғана оқушы жақсы қабылдайды.
            Сөйлеудегі үгіттілік, іскерлік мақалалардың мәтіндерінде
          жиі көрінеді. Кейде осы белгілі бір сөздер арқылы кейіпкердің
          айқын бейнесі ашыла түседі. Мұндай мақалаларда оқу ба-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          рысында негізгі салмақ оның мазмұнына әкеп соғады. Бей-
          нелі сөйлеу нәтижесі жалпы жағдайда толығымен түсін-
          діруге мүмкіндік береді. Мұғалімнің сөзі бұл жерде белгілі
          бір  элементтің  өзіндік  мән-мағынасын  ашады,  көрнекі-
          лік құралының сапасына да игілікті әсер етеді.
            Яғни, сөздің көрнекілігі дегеніміз – сөз арқылы белгілі бір
          заттың болмыс пішімін толық ашып беру. Бұл, бір қарағанда,
          барлық көрнекі құралдармен терезесі тең. Алайда соңғысы
          көмекші мектептерде сандық жағынан басым болады.
            Оқу сабақтарында мұғалім қандай көрнекілік құралда-
          рын  пайдаланады?  Бұл  табиғи  және  өнертапқыштық
          құралдар дегіміз келеді. Дей тұрғанмен, мәтінмен жұмыс істеу
          барысында саяхат, ойын және ойындық материалдардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          көмегіне  сүйенуге  болады.  Іскерлік  мақалаларды  оқуға
          көрнекі құралдың қайсысын тарту керек екендігі жөніндегі
          мәселені қоя отырып, ең алдымен табиғи көрнекі құралдарға
          мән  беру  керек.  Бірақ,  бұл  құралдың  мәтіндік  материал


          22
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29