Page 19 - 2.3.3
P. 19
special-edu.kz.
special-edu.kz.
жөн. Мысалы, 2-сыныптың «Әдеп» тақырыбына
арналған мәтінінде «сыпайы» деген сөз кездеседі. Бұл
сөзді оқыту үшін мынадай әдіс-тәсілдердің жолдарын
қарастыру:
Сы-па-йы – әдепті, үлгілі, тәрбиелі.
а) сөздердің көпмағыналы болып келетінін еске салу;
special-edu.kz. special-edu.kz.
ә) балалармен алғашқы әңгімеде оқылатын мәтінді то-
лық қабылдауға кедергі етіп тұрған таныс емес сөздердің
мағынасын түсіндіріп өту қажет;
б) мәтінді алғаш оқу кезінде, мұғалім оқушыларға таныс
емес сөздердің мағынасын басқа синонимдермен ауыстыру
немесе оларға тән қимыл-әрекеттерді көрсетумен де өткізе
алады.
Сөзбен жұмыс істеудің негізгі кезеңі мәтінді оқып, оның
мазмұнын талдап, әбден ұғып алуынан басталады. Өйтке-
ні сөздердің нақтылы ұғымы контексте байқалады, қазақ
тіліндегі лексикалардың көбі көпмағыналы болып отырады.
Сондықтан да мәтінді оқу, талдау үстінде оқушылар сөздер-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дің мән-мағынасын дұрыс, дәл және айқын қабылдай алады.
Оқу сабағын жүргізу кезінде байқалғанындай, сөздік жұмы-
сын ұйымдастыруда іс жүзінде өрескел қателіктер жіберіледі.
Олардың сыры мынада:
1. Таныс емес сөздерді бөліп алып, жоғарыдан төмен
қарай тізіп жазады да, олардың мағынасын мәтіннің маз-
мұнынан тыс түсіндіреді. Мәтіннен жұлып алынған сөздің
мағынасын оқушыларға ұғындыру оңайға түспейтіндігі айдан
анық.
2. Сан жағынан көп сөздерге өте ұзақ және жалықтырғанша
түсінік беру оқушыларды қажытады әрі олардың жұмысқа
деген ынтасын төмендетеді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
3. Жеке алынған сөздер мәтін мазмұнымен үйлесімін
тауып тұрған бояуынан, өзіндік үнінен толық айырылады.
Соның салдарынан түсінік берілген сөздер сөздікте де, оқу-
шылардың есінде де сақталмайды әрі жатталмайды.
17