Page 18 - 2.3.3
P. 18

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          тығыз байланысын туғызады. Тану мен білудің талаптары
          бағдарламада  топтастырылып,  әр  сыныпқа  белгіленген
          тақырып бойынша, оқушының қабілетіне қарай біртіндеп
          қиындатылатын жүйені көрсетеді. Бұл жүйе оқушыларға
          көркем  әдебиет  шығармаларын  өз  бетінше  оқуға  және
          ғылыми-танымдық мәтіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          береді. Мәтінмен жұмыс және қоршаған ортаны тани түсу –
          оқушылардың мәнерлеп сөйлеуін дамытуға негіз болатын
          бағдарлама.  Сондықтан  балалардың  сөйлеу,  мәнерлеп
          сөйлеуін дамытуда нақты талаптар қойылады және сөйлеу
          сөздіктерінің молайып, нақтыланып, олардың қолданысын
          белсенді арттыру қамтамасыз етіледі. Оқу пәндеріне бағ-
          дарлама бойынша әр апта сайын 3 сағат бөлінеді.

                  3. Оқу және тіл дамыту сабақтарындағы
                              сөздіктермен жұмыс
            Арнайы мектептерде сөздіктермен жұмыс істеудің маңызы
          зор.  Жалпы  қалыптасқан  тәртіп  бойынша  мүмкіншілігі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          шектеулі оқушыларға арналған сөздіктердің сипаты да өз-
          гешелеу болатындығы белгілі. Көбіне-көп оларда біркелкілік
          басым және сын есім, көмекші етістіктер, дерексіз ұғымдағы,
          жалпы (жинақтау) мағыналы сөздердің қоры өте шағын.
          Көпмағыналы сөздерді, әсіресе олардағы түсініктің ауысып
          отыратынын ұғыну балаларға өте қиынға түседі. Сөздердің
          басым бөлігі пассив сөздікте берілген.
            Мүмкіншілігі шектеулі балалар айналадағы дүниені сол
          қалпында, нақты түрінде қабылдайды. Соның салдарынан
          олардың сөйлеу тілінде заттың тура мағынасы басым ке-
          леді де, «сөздік ұғымы» деген түсінік тіпті болмайды. Осы
          айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, оқу сабағы кезін-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          дегі сөздік жұмысының мазмұнына мыналар енуі қажет:
            1. Ең алдымен мәтінде кездесетін жаңа және қиын сөз-
               дердің мағынасын түсіндіру керек. Содан кейін оқу-
               шыларды оқытуға осы әдіс-тәсілдерді пайдаланған


          16
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23