Page 13 - 2.3.3
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
кейіпкерлер және шығарма туралы пікір айтуын қиындатады.
Оларды шығарманың түрі, мазмұны, оқиғаның өрбіп даму
себептері емес, тек көзге көрініп тұрған сырт қимыл-қозға-
лысы ғана қызықтырады. Әдіскерлер: «Оларға шығарманы
талдағанда әңгімедегі оқиғаларды терең түсіндіру үшін өзін
сол оқиға кейіпкерінің орнына қойып отыру әдісін кеңінен қол-
special-edu.kz. special-edu.kz.
дану керек» деп көрсетеді. Психологтар оқушының адамдық
қасиеттерінің дамуына ерекше мән береді. Сондықтан ой
дамуы мүмкіншілігі шектеулі балаларды осыған үйрету қажет.
Зерде даму бұзылыстары бар оқушыларға мәтін cалдарын,
кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсіндіру үшін, өмірдегі
соған ұқсас оқиғаларды және оның не себептен болғанын
айтып отыру керек. Сұрақ қою арқылы кейбір естерінде
сақталып қалған қызықты көріністерді сұрап отыру керек.
Әдетте, олар мәтіннің мән-мазмұнын түсіне бермейді. Осы-
ның салдарынан оқиғаның негізгі мазмұны түсініксіз қа-
лып, кейбір қосымша оқиғалар басты тақырып болып қабыл-
данады да, шығарма өз мәнін жояды. Психологтардың
special-edu.kz. special-edu.kz.
түсіндіруі бойынша, оқушылардың мәтінді осылай теріс мәнде
қабылдауы мәтіндегі кейбір сөйлемдер мен сөздерің мәнсіз
қабылдануына әкеліп соғады. Баланың сөйлеу қабілетінің
нашарлығы шығарманың мән-мазмұнын дұрыс түсінбеуіне
әсер етеді. Оқушылар көбіне синоним сөздерді түбірлес
сөздермен шатастырып алады. Ол сөздерді мағынасына
қарай емес, айтылуына қарай ұғынады. Өзі оқып шыққан
сөйлемдерді дұрыс түсінуіне кері әсер ететін күш – ол ба-
ланың бұрынғы өз тәжірибесін қолдануында. Ал мұғалім
оқиға желісін баяндағанда, әр оқушының қызығушылығын
оята білуі керек. Арнайы мектеп оқушыларына тән қасиет –
шығарманы оқығаннан кейін баланың ой-өрісінің кейіпкерлер
special-edu.kz. special-edu.kz.
іс-әрекеттерінің өрбуін толық елестете алмауы. Сондықтан
олар шығарманы үстірт түрде ғана қабылдап, мәнін терең
ұға білмейді. Осы тұста мұғалім дидактикалық шарттарды
қолдануы қажет. Ол мына үш нәрседен тұрады: қабылдау,
11